Террорлық әрекет жасауды көздегендер әр елде сергек жүр

03.04.2024, 18:10
946
Террорлық әрекет жасауды көздегендер әр елде сергек жүр коллаж: smartnews.kz

Мәскеудегі терактінің жаңғырығы әр жерден шығып жатыр. Яғни өзге аумақтарда да лаңкестік әрекет жасауға талпыныс бар.

Қазақстанның Ақтау қаласында жергілікті тұрғын ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері лаңкестік әрекет жасауға дайындалды деген күдікпен 1-сәуір күні құрықтаған. Үйін тінту кезінде жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай айғақтар табылғаны айтылды. Ұсталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы деп жатыр. Қазір тергеу басталды. Қашан және қай жерде теракті жасауға дайындалғаны, сондай-ақ ол кімдермен бірге әрекет еткені жайлы ақпар әзірге жарияланған жоқ.

Ал Әзірбайжанда лаңкестік жасамақ болған Ресей тұрғыны ұсталды. Ақпараттарда ол көптеген адамның өліміне алып баратын теракті жасауға дайындалғаны айтылды.  Ресей тұрғынының Әзірбайжанда бір емес, бірнеше террорлық шабуыл жасамақ болғанын және оның құрықталғанын Әзірбайжанның azertag.az ақпараттық агенттігі хабарлаған. Ұсталған адам Ресейдің Мурманск облысында тұратын Әзірбайжанның азаматы екен. 1988 жылу туған бұл адам Бахруз Аскеров деген әзірбайжан болып шықты. Оған қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халық арасында дүрбелең туғызу және оған ықпал ету мақсатында басқа адамдармен байланысқа түсті деген күдік таңылды. Бахруз Аскеровтың республиканың әртүрлі аймақтарында тұратын адамдарды астыртын түрде байланысқа тартып, оларға Лянкаран қаласының басшысына қастандық жасауға нұсқау бергені анықталыпты. Терроризмге дайындық бабы бойынша қамалып, тергеуі жүріп жатыр.

Тәжікстанда Наурыз мейрамында теракт жасауға дайындалды деген күдікпен 15 адам ұсталған. Олардың Мәскеудегі терактіге қатысы да, байланысы да жоқ екені расталды. Ал Тәжікстанда лаңкестік жасауға дайындалғанын анықтау үшін тергеп жатыр.

Мәскеудегіден кейін терактілер Ресейде жалғасатыны туралы сәуегейлік айтқан сарапшылар болған еді. Ресейдің Дағыстан республикасында халық көп шоғырланған жерлерде теракті жасауға дайындалған үш адамның ұсталғаны туралы хабар тарады. Үшеуін Каспийск және Махачкала қалаларындағы үйлеріне шабуыл жасап құрықтапты. Олардан жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылғаны айтылды. Терактініі жасап болған соң ізін суытып Ресейдің аумағынан шығып кетуді жоспарлаған екен. Бұған дейін Дағыстанда Мәскеудегі терактіні қаржыландырды деген күдікпен төрт адамды ұстаған болатын.

Ресейдің Ставрополь қаласында да терактіге дайындық жүргізді деген үш адам құрықталған. Оларды Орталық Азия елдерінің адамдары депті, бірақ ұлтын атамаған. Ставрополь қаласында халық шоғырланған жерде теракті жасамақ болды деп ұсталғандардан жарылғыш заттар мен тұтанғыш химиялық заттар табылған көрінеді.

Лаңкестікке әрекет Мәскеудегі терактіден бұрын да жиі жасалғаны айтылып жатыр.  Наурыздың басында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі еврейлер құлшылық ететін синагогаға жасалмақ болған террордың алдық деп хабарлады. Олардың хабарында күдіктілерді ұстау кезінде қарулы атыс болғаны, атыс кезінде екі Қазақстан азаматы қаза болғаны айтылған. Оққа ұшқан Қазақстан азаматтарының нақты аты-жөндері келтірілді. Кінәні көзі кеткен адамдарға жаба салды ма, кім білсін. Қаза болған екі қазақты жасалмақ болған террордың ұйымдастырушылары болды, олар «Ислам мемлекеті» ұйымының «Вилаят Хорасан» тобының мүшелері деген болжам бар деп жар салды. Олардың тұрған үйлерінен тапанша, Калашников автоматы және жарылғыш құрылғыларды жасауға арналған заттарды тапқаны айтылды. Тексеруден кейін, өкінішке қарай, қаза болған екі адамның Қазақстан азаматы екені, олардың Ресейге жол тартқандары расталды.

Негізінен, Қазақстанда лаңкестік қаупі жоқ деуге болмайды. Қазір лаңкестік жасауға дайындалды делінген Ақтау тұрғыны ұсталып отыр. Таяуда шет елдегі терроршыларға барып қосыламын деп жолға шыққан адамымыз Алматы әуежайында ұсталып еді. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам болып шықты. Ал өткен жылдың аяғында терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталған. Өткен жылы  Астанада терроризмді насихаттағаны үшін Тәжікстан азаматы ұсталып, сотталды. Бес жарым жылға сотталған ол астаналықтарды қарулы жиһадқа үндеді деп жазылған еді. Қысқасы, қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарымыз үшін бүгінде жұмыс көп.

Біз ТМД аумағындағы жағдайды шолып қарадық. Ал лаңкестікке дайындалу әрекеттері Еуропа елдерінде көп болса керек. Әсіресе Франция нысанада екені жиі айтылып жүр.   

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды