«Дауылды ескерту»: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

17.02.2025, 09:10
412
«Дауылды ескерту»: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Getty Images

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет синоптиктері Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар жауап, боран соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түседі. 

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауап, көктайғақ болады, боран соғады деп болжанып отыр. Облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады. 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кейде тұман болады деп күтілуде. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23-28 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кейде тұман болады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Қызылорда облысының орталығын тұман басады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысына, батысына, солтүстігіне ауысатын оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстікте, батыста, шығыста жел екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанып отыр.

Түнде және таңертең шығыста, Павлодар облысының орталығында тұманды күн райы болады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады.

Облыстың солтүстігін, оңтүстігін, таулы аймақтарын тұман басады. 

 https://kaz.inform.kz/news/elmzdn-brkatar-oblisinda-dauildi-eskertu-zhariyalandi-163496/

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды