Енді қайырымдылыққа ақша жинаған блогерлер салық органдарына есеп береді

09.01.2024, 19:25
843
Енді қайырымдылыққа ақша жинаған блогерлер салық органдарына есеп береді canva.com

Үкіметтің баспасөз орталығында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырымдылық мақсатта ақша жинайтын блогерлердің мобильді аударымдары қалай қадағаланатынын айтты.

«Бүгінде блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинайды. Олардың мобильді аударымы тексеріле ме?» - деп сұрады журналист.

Ержан Біржанов мұндай мақсатта жасалған аударымдар да «100 аударым» қағидаты бойынша салық органдарының назарына ілігетінін айтты.

«Тек блогерлер ғана емес, басқа азаматтар да осылай ақша жинауы мүмкін. Бұл қаражат баланың еміне арналса және мобильді аударым саны 100-ден асса, ендігі жылы бізге ол туралы тиісті мәлімет түседі. Содан біз бұл азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер «Иә, мен қаңтар, ақпан, наурызда осындай ақша жинаған едім. Кәсіпкерлік мақсатта емес, ақшаны осы бағытта жұмсадым. Жіберілген ақшаның реквизиті бар» деп өзіне аударылған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын түсіндіріп беруге тиіс. Мұндай жағдайда оған адамға сұрақ туындамайды, салық міндеті қойылмайды. Ақша жинайтын адам қаржыны не үшін жинап жатқанын нақты білуі тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, салық міндеттемесі болады. Қайырымдылыққа жиналса, адам ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, салық төлемдері пайда болмайды», - деді вице-министр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды