Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр

12.06.2025, 15:35
768
Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр бейнежазбадан

Жанармай бекетіндегі жойқын жарылыстан зардап шеккендер көмекке зәру екенін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында демалыс күндері болған жойқын жарылыстан зардап шеккен кәсіпкерлер мен тұрғындар шығындарын қалай өтейтінін білмей дал. Бұл туралы Almaty.tv арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Жарылыс кезінде қатты бүлінген бірнеше кәсіпкерлік нысан толықтай жарамсыз күйге түскен. Қазір ғимараттағы спорт және жаттығу залдары, сауна мен басқа да қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

Кәсіпкер Ақмарал Түгелбайқызының айтуынша, жаңадан ашылуға дайын тұрған сауда орталығы мен 2000 шаршы метрлік футзал кешені толығымен жанып кеткен.

«Төмендегі сауна, жуыну бөлмесі – бәрі жарамсыз. Біз бассейн ашуға дайындалып жатқан едік, халықтан да сұраныс көп. Бірақ осы апаттан кейін бірде-бір ресми орган бізге көмектескен жоқ. Кінәлі емеспіз, сондықтан келтірілген шығын өтелуі тиіс», – деді кәсіпкер.

Жарылыс кезінде жеке көлігінен айырылған Аслан Қазиев те шығынды кім өтейтінін білмейді. Оның айтуынша, көлік толық өртеніп, техникалық ақаулар пайда болған. Зақым сомасы шамамен 7–8 миллион теңгеге бағаланған.

«Көлік банкте кепілде тұр. Толық жанып кеткен. Компьютер жүйесінде ақау бар. Бұл мәселемен кім айналысатынын білмей отырмыз», – дейді ол.

Қазір жарылысқа қатысты арнайы комиссия құрылып, жанар-жағармай құю бекетінің қызметі тергеліп жатыр. Алдын ала дерекке сәйкес, бекет заңсыз жұмыс істеген.

«Алдын ала зерделеу нәтижесінде газ құю бекетінің заңсыз жұмыс істегені белгілі болды. Жауапты тұлғалар анықталып, іс тергеліп жатыр», – деді ТЖД бастығының орынбасары Сырым Жаймағанбетов.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Құлсары қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылысқа байланысты кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір тараптардан жауап алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Жарылыстан кейін бизнесін тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпкерлер жергілікті биліктен қолдау көрсетуді сұрайды. Олар кінәлі тарап анықталып, келтірілген залал толығымен өтелетініне үміт артып отыр. Ал зардап шеккен тұрғындар да биліктен нақты әрекет күтуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды