Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты

12.06.2025, 14:05
615
Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты SMARTNEWS.KZ коллажы

Баламның атына дақ түспесе болды дейді Қаржаубай…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаТалғар қаласында қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот үкімімен сотталушылардан өндірілетін өтемақыдан бас тартып, қаражатты балалар үйіне аударуға шешім қабылдады. Бұл туралы марқұмның мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, Қаржаубай Нұрымов бастапқыда ешқандай қаржылай өтемақы талап етпеген.

— Қаржаубай — өте адал азамат. Ол маған «баламның атына дақ түспесе болды» деді. Түрмеде отырған-отырмағанына күмәні барын айтқанымен, Шерзаттың абыройына кір келмесе екен деген аманатын жеткізді. Қоғамда «ақша жинады, көмек сұрады» деген қауесет тарады. Бұл мүлде жалған, — деді адвокат.

Азаматтық талап қою кезінде де Нұрымов өтемақыдан бірден бас тартқан. Кейін адвокат тарапынан заң жүзінде өтемақы талап ету шартты жазаға жол бермеу үшін маңызды екені түсіндірілген соң ғана ол талап арыз беруге келісімін берген.

— Сол кезде Қаржаубай мырза: «Егер ақша түссе, түгелдей балалар үйіне аударамын» деді, — деп нақтылады Шекеев.

Еске сала кетейік, Талдықорған қалалық соты қылмыстық іске қатысты шешім шығарып, 9 сотталушыға қатысты 7 жылдан 23 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Судья Ержан Жанұзақовтың шешімімен төмендегідей өтемақылар белгіленді:

Абзал Шынасылдан — Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден;

Равиль Сәкиевтен — Қаржаубай Нұрымов пен Жұмабике Кадированың әрқайсысына 15 млн теңгеден;

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиевтен (ортақ тәртіппен) — Гүлбара Бишимбиеваға 10 млн теңге;

Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Қалиахметтен (ортақ тәртіппен) — Қаржаубай Нұрымов пен Жұмабике Кадироваға әрқайсысына 10 млн теңгеден.

Моральдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін сот тарапынан екі ай мерзім берілді. Егер белгіленген уақыт ішінде қаражат төленбесе, сот шешімі мәжбүрлеп орындалады.

«Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті