«Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ

12.06.2025, 17:33
549
«Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ trend.az

Украинаны қолдайтынын айтқан рэпер Ресейде танылған болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Федералдық жобалар қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлықпен күрес қорының (ФПБК) жетекшісі Виталий Бородин қазақ рэпері Jah Khalib-ке (шын аты — Бақтияр Мамедов) Ресейге кіруге тыйым салуды талап етті.

Мәселе – оның Мәскеуде өтетін #ЛетоLIFE фестиваліне қатысуы мүмкін екені жайлы ақпараттан туындаған. Рэпердің ресми сайтында концерт жайлы мәлімет жоқ, бірақ кей БАҚ оны шақырылған жұлдыздар қатарынан көрген.

Бородин оның Ресейді сынап, Украина халқын қолдаған бұрынғы мәлімдемелерін еске салып:

«Мұндай адам Ресейден ақша табуды көздесе, бұл — мазақ. Біз оны елге кіргізбеуді талап етеміз», — деді.

Сондай-ақ ФПБК басшысы Ресейге қарсы пікірлер жалғасса, рэперге қарсы қылмыстық іс қозғауды да талап ететінін айтты.

«Jah Khalib екі орындыққа қатар отыруға тырысып жүр. Бірақ Ресеймен ойнауға болмайды», — деді Бородин.

Қазіргі уақытта орындаушының фестивальге қатысатыны ресми расталмаған. Бірақ оның сахнаға қайта оралуы туралы болжамның өзі ресейлік патриоттық топтар арасында үлкен резонанс тудырды.

Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр