Фармацевтикалық қадағалау - ұлт қауіпсіздігінің негізгі бағыттарының бірі

03.10.2023, 19:04
881
Фармацевтикалық қадағалау - ұлт қауіпсіздігінің негізгі бағыттарының бірі canva.com

Дәрі-дәрмектің сапасыздығы немесе оны қолданудағы жіберілген қателіктер адамдардың улануына апарып соғып жатады. Ондайда жаппай улану жағдайлары, тіпті мұның көптеген жанның көз жұму оқиғасына ұласатын өкінішті кездері де болып тұрады.

Өзге елдерде болып жататын осындай тосын нәрселер біздің елімізге сабақ болса игі. 

Жақында көршіміз Өзбекстанның Наманган облысындағы Чуст ауданында бірден 71 жас бала дәріден уланып ауруханаға түсті. Бәрінің ыстығы көтерілген, іші өткен, жүрегі айныған. Өзбекстанда йод тапшылығына қарсы күрес науқаны жүргізілген болатын.

Тексерудің нәтижесі балалардың йод дәрісін ішуден уланғанын көрсетті. Әлеуметтік желілерде уланған бала саны билік таратқан мәліметтен әлдеқайда көп екені жазылды.

Әзірге балалар йодтан қалай уланғанының нақты жауабы берілген жоқ. Уланудың себебі йод таблеткаларының құрамында немесе оны ішкізудің мөлшерінде деп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі үлкен және кіші балаларға 1000 және 500 миллиграмм йод ішу керек деп нұсқау берген деген ақпарат тараған. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған мөлшерден бірнеше есе көп екен. Йод тапшылығына қарсы науқанға арналған сайтта да осындай мөлшерде ішу туралы жариялаған көрінеді.

Балаларға берілген дәрі «Антиструмин калий йодидій» деген таблеткалар. Оны жергілікті «Само» атты фармацевтикалық компания өндіреді. Денсаулық сақтау министрлігі балаларға беру үшін бұл дәрінің 3,5 миллион қаптамасын сатып алған екен. Оны балаларға беру қазір тоқтатылды. Абырой болғанда уланған балалардың ішінде қайтыс болғандары жайлы мәлімет жоқ. Демек балалар аман. Өткен жылдың қысында Өзбекстанда Үндістаннан сатып алынған тұмауға қарсы дәрі ішкен балалардың 65-і көз жұмғаны қатты айқай болып еді. Бұл жолы да біраз адам жауапқа тартылатын болса керек.

Бұл жағдайлар фармацевтикалық қадағалауда салғырттықтықтың, жемқорлықтың болмауы керектігін көрсетеді. Өзгелерге сабақ болуы керек дейтініміз содан. Ал йод таблеткалары әлемде  йод тапшылығына қарсы ғана қолданылмайды екен. Оны ядролық жарылыс болады-ау деген жағдайда да елге таратады деп жатыр. Мысалы, Украинадағы соғысқа байланысты таяуда Еуропа елдері тұрғындарға тегін йод таблеткаларын таратты. Бұл шара Запорожье атом электр станциясын Ресей жағы жарып жіберуі мүмкін деген оймен сақтық үшін жасалды. Радиациялық төтенше жағдай бола қалған жағдайда қажет болады деп таратқан. Себебі Йод таблеткалары қалқанша безді радиоактивті сәулеленуден сақтайтын көрінеді.  Алдымен финляндиялықтар дәріханадан йодты талап әкеткен. Ал Польша билігі елдің барлық аймақтарында йодты тегін тарататын бөлімшелердің санын көбейткен.  Дәрігерлер йодты 3 жастан асқан балалар мен 60 жасқа дейінгілерге ішуге кеңес берген. Еуропа елдері атом электростанциясында апат бола қалған жағдайда оған дайын болуымыз керек деп шешкен. Ал  Запорожье атом станциясында жарылыс болған жоқ. Жарылуы да әбден мүмкін еді. Өйткені атом станциясында электр жүйесі жиі өшіп жатты. Мұндай жағдайда салқындатқыш істен шығып, реакторлар балқып, соның салдарынан жарылыс болуы ғажап емес деген уайым Еуропа елдерін қатты алаңдатқан болатын. Әйтеуір Запорожье жарылыстан аман қалды. Беті аулақ, егер жарылған жағдайда адамдардың ағзасына радиация өтпесін деген амал еді. Йод таблеткасы радиацияны ағзаға өткізбейтін болса керек.  Мамандардың айтуынша, йод таблеткалары қалқанша безді йодтың тұрақты түрімен толтыру арқылы жұмыс істейді, оның нәтижесінде радиоактивтік зат ішке кірмейді. Яғни, қалқанша безі йодпен қамтамасыз етілген болса, ядролық апаттан кейін тараған зиянды йодты қабылдай алмайды. Йод таблеткаларын атомдық немесе ядролық жарылыс болардың алдында ішу керек екен.

Атомдық немесе ядролық жарылыстар болмасын. Ал жайшылықта да йод тапшылығына қарсы шаралар халық денсаулығын сақтау үшін жасалады. Адамдардың ағзасын ауадағы және судағы түрлі улардан, газдардан, сәулеленуден сақтаудың амалы жасалады. Экологияның мәз емесі тағы бар. Ауа да, су да, топырақ та ластанудан және химиядан сау емес, табиғи таза орта кеміп барады. Ал йод таблеткасын сапалы өндіріп, оны дұрыс мөлшермен қолданудың пайдасы бар.

Өзбекстандағыдай күйге түспеу үшін еліміздің фармацевтикалық қадағалау саласы өте қырағы болса дейміз. Өйткені бұл ұлттың қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтің бір түрі емес пе? 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді