678

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды

Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды
видеодан алынған кадр

25 маусым күні сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берген.

Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады. 

"Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.