«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
28.04.2024, 14:30
25341
«Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) nur.kz

Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде полицей көлігінің видеосы жаппай тарап жатыр. Автордың сөзінше, тәртіп сақшысы артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскен. Ал аталған бейнежазбаға қатысты СҚО ПД пікір білдірді.

Видео астындағы жазбаға сенсек, СҚО-да блогер полицияның қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланғанын анықтаған. Онда тәртіп сақшысы "артқы орындықта жыныстық қатынасқа түскені" де жазылған.

"ТЖ режимінде, мыңдаған отбасы баспанасыз қалғанда СҚО ПД қызметкері заң мен тәртіпті қадағалап, халықтың мал-мүлкін қорғаудың орнына артқы орындықта "махаббат ұйымдастырыпты", - делінген жазбада.

Ал видео кадрларынан анық ештеңе байқау мүмкін емес. Тек қызметтік көлік пен алдыңғы орындығында отырған азамат қана көрінген.

Аталған бейнежазбаға қатысты NUR.KZ тілшісіне СҚО ПД жауап берді. Ведомство баспасөз қызметі аудандық полиция бөліміне 44 жастағы азамат келіп, полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне арызданғанын айтты.

"Жүргізілген қызметтік тергеу барысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық фактісі анықталды.

СҚО ПД бастығының бұйрығымен қызметкер ІІБ-нен босатылды, сондай-ақ бірқатар басқа қызметкер, оның ішінде аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ