“Өгей ана туған анаңның орнын баса алмайды”: Абай Бегейдің қызы екінші анасымен қалай танысқанын айтты

28.02.2024, 10:25
1673
“Өгей ана туған анаңның орнын баса алмайды”: Абай Бегейдің қызы екінші анасымен қалай танысқанын айтты symbatabaikyzy

Абай Бегейдің екінші қызы Сымбат анасы Фаризамен қалай танысқанын Инстаграм желісіндегі парақшасында баяндап берді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кznews.kz хабарлауынша, Сымбат Бегейдің айтуынша алғашында әкесінің екінші рет үйленетінін білу өте ауыр болған. Тіпті қарсылық та білдірген. Тұңғышы Ерке 2 жылдай мүлде араласпай кеткен де көрінеді.

«Көпшіліктің сұрауы бойынша бүгін апаммен таныстығымыз жайында жазғым келіп отыр. Ең алғаш рет менің туған күнімде кездестік. Әкем Алматы қаласына арнайы туған күнімді тойлау үшін ұшырып әкелді. Туған-туыстарымызбен мейрамханада бас қостық. Бір кезде Рахман деген ағаммен қазіргі апам кіріп келді. Мен Рахман ағаның құрбысы шығар деп ойладым. Қайдан білейін, менің болашақ анам болатынын. Сонымен, әңгімеміз жарасып, күшті сөйлесіп кеттік. Алматыда бірнеше күн болып, Ақтауымызға қайттық. Бір күні сабақтан келіп, Аминокпен есік алдына ойнауға шықсақ, сыртта барлығы бізге тесіле қарап бастады. Түсінбей қалдым, бір кезде құрбым «сенің папаң үйленіп жатыр ма не?» деп сұрады. Сенбей, «құрысын, жоқ» деп тұрсам, папамның достары «Инстаграмдарына» салып, папам мен апаның төрде отырғанын көрсетеді ғой. Сол кездегі менің жағдайымды жай, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. «Екеуінің тойда отырған суреттерін көрген соң сіңлім екеуміз бөлмемізден шықпай, өкіріп жыладық. Мен 10 жаста, Амина 8-де, әлі бөпеміз. Бірақ соның өзінде «Ертеңгі күніміз қалай болады?», «Өгей ана туған анаңның орнын баса алмайды», «Ұрса ше, соқса ше?» деген жаман ойлар келді… Келесі күні үйде ұлы айқай болды. Ерке папаға звондап, біраз ұрсысты. Ертеңіне папа Алматыдан ұшып келді. Аминамен бір бөлмеде отырғанбыз, «қыздарым» деп құшақтамақшы болғанда жоламай, алшақтап кеттік. Не керек, үлкендер жағы әңгімелесіп, Тоты апам (анамның туған сіңлісі 4 жыл бойы бізге қарасқан) киімдерін жинап, кетіп қалды. Жүрегім тарс екіге жарылды сол сәтте. Бізге Бағила деген апамыз қарады, әкеміз жұмыс бабымен Алматыда болды. Бір күні папам «Алматыға қыдырамыз, киімдеріңді жинаңдар» деп бізді Алматыға әкелді. Мен мүлдем күлмеймін, Амина күле қараса, аяғынан ешкімге білдірмей теуіп жіберетін едім, «күлме» деп. Сонымен папа бізді Алматыдағы үйге алып келді, кірсек дастарханды жайып апа күтіп отыр екен. Бетіне қарамай, тіке бөлмеге кіріп кетіп қалдым. Содан біраз уақытқа дейін апамен мүлдем сөйлеспей, араласпай жүрдік. Тіпті күлуді де тоқтатып қойдық. Бірақ папа мен апа біздің бір күлуіміз үшін бәрін істеді. Қазір ойлап қарасам, сол істеген істеріме өкінем. «Қалай ғана түсінбедік» деп ойлаймын. Солай, біз демалысқа келдік деп Алматыда қалып қойдық. Кішкентай кезімізде қатты сынақтың астында қалдық. Бірақ еш өкінбейміз. Өмірлік сабақтар көп болды. Бірақ қазір бәрі жақсы. Апа, Аминок үшеуіміздің ара-қатынастарымыз ерекше. Бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Апамды сыйлаймын, құрметтеймін», — деп жазды ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады