Палуан Демеу Жадыраев алтынға таласады

06.08.2024, 21:59
1993
Палуан Демеу Жадыраев алтынға таласады Тұрар Қазанғапов

Париж-2024: Демеу Жадыраев жартылай финалды сәтті аяқтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Демеу Жадыраев Париж олимпиадасының финалына қадам басты. 

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жықты. Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.

Ал жартылай финалда Демеу әзербайжан Санан Сүлеймановтан басым түсіп, финалға жолдама алған еді. Сананды кілемнен көтеріп алып, лақтырып, төрт ұпай алды да, одан соң кілемде бір айналдырып, тағы екі ұпай иеленді. Белдесудің екінші бөлігінде Санан есепті теңестіре алған жоқ – 6:1. 

Енді жауырыны жер иіскемеген палуанымыз финалда жапон Нао Кусакамен белдеседі.

Финалдық кездесу ертең 21:10-да «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев 2 қараша 1989 жылы дүниеге келген. Ол Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылдық округінде туған. Грек-рим стиліндегі палуан. Ол 2020 жылғы Токиодағы олимпиадаға қатысқан.

Демеу 2015 жылы 66 келіге дейінгі санаттағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2016 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылғы әлем чемпионатының 71 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды