Рулық жүйе мен рушылдықтың арасы жер мен көктей

14.03.2023, 01:33
474
Рулық жүйе мен рушылдықтың арасы жер мен көктей aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңесте қоғамымыздың бірқатар өзекті мәселелері ортаға салынды. Сондай мәселенің бірі – бұрын-соңды жоғары жақта қозғалып жүрмеген, ал ел ішінде қылаң беріп тұратын рушылдық пен жершілдік жағдайы. 

Қазақтың өмірі рулық қатынаспен біте қайнасқан, алайда әсіре рушылдықтың зияны көп. Рушылдық өзімшілдікке, бөлінуге апарып соғатын жағымсыз нәрсе. Рулардың арасында аталарының атын дәріптеу, ескерткіш орнату, елді мекендерге есімін таңу сияқты әрекеттермен бәсекеге түсу үрдісі пайда болды. 

Президент белгілі аймақта ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнатудың сәнге айналғанын мәлімдеді. Сонымен қатар өмірбаяндардың ойдан құрастырылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

«Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. Кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді. Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр».

Президент бұл жерде рушылдық пен жершілдіктің қоғамға теріс ықпалы жайлы айтып отырғаны түсінікті. Рушылдық пен жершілдік жаппай белең алатын болса, оның тақсіреті де ауыр болатынын аңғару қиын емес. Ондайда қоғамның бірлігі кемиді. Сондықтан рулық жүйе мен рушылдықтың арасы жер мен көктей десек жаңылмаспыз.  

Осы тұрғыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, философ-ғалым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қаласы, Жетісу аудандың филиалының төрағасы Әбдірашит Бәкірұлының ой-тұжырымдары маңызды екенін ескеріп, назарларыңызға ұсынамын. Әбдірашит Бәкірұлы өзінің берген сұхбаттарында рулық жүйе мәселесіне жиі тоқталады.

Ол былай дейді:

«Қазіргідей ру-руға бөлініп тартысқан рушылдықты әрмен қарай қалдыра берсек − ол қазақ елінің тұтастығына қауіп төндіруші, ұлтты іштен ыдыратушы кеселге айналуға бет бұра бастайды. Күннен күнге өршіп бара жатқан рушылдық ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығына ғана емес, оның болашағына қарсы жұмыс жасауға көшті. Қазақ халқы ғасырлар бойы көзінің қарашығындай сақтаған рулар қауымдастығы, сөйтіп, бүгінде байлық пен билікті қатар меңгерген азғана топтың тоғышарлық тәбетін қанағаттандырудың, пайымсыз ойын жүзеге асырудың ең оңтайлы және тиімді құралына айналып кетті...

Бұрынғы рулық жүйе қазақ халқының қалқаны еді, ендігісі – жүрегіне қадалар қанжары болғалы тұрған сыңайлы... Дегенмен, қазақтың рулық жүйесінің тарихына көз салсақ − бұл жүйе қазаққа ұшан-теңіз көмек көрсеткенін, тіптен, бүгінде «қазақ» атымен танылған ұлтты тарихи аренаға алып шыққанын көреміз. Өз заманында осы жолда ол мынадай міндеттерді атқарып шықты:

Бірінші, руын сұрастыра келе жеті және одан да арғы аталарын тарату арқылы қазақтың тарихи жадын, тектілік қасиетін сақтады. Екіншіден, руын сұрастыра келе – «қарға тамырлы қазақ» деген біртұтастық символды жасап шықты. Үшіншіден, байтақ жеріміз рулық иеліктерге, одан әрі, оның негізінде жүздік бөліктерге бөлініп, жерді қорғау жауапкершілігі, сол аймақты тұрақты мекендеген руларға жүктелді.

Қазақтың атамекенге деген ыстық ықыласы осындай салмағы ауыр жауапкершілікті сезіну арқылы қалыптасты. Сондықтан да, қазақтың ел мен жерді сүюі жалаң сезім емес, салмақты сезім! Міне, сондықтан да әр қазақ атамекенін, өрісін, қоныстанған жерін қорғауда жанкештілікке, көзсіз ерлікке баруға даяр болды. Сонымен қатар, «қарға тамырлы қазақ» деп аталатын ортақ туыстық сезімнің арқасында көршілес рудың, одан қалды – жүздің, одан қалды – тұтас қазақ елінің жерін қорғау міндетінің ортақтығын айқын ұғып отырды».

Философ-ғалым өз сөзінде рулар қауымдастығының, рулар әріптестігінің және билер сотының мәні, 7-12 атаға дейін қан араластырмау қағидасы, жүздердің арасындағы ынтымақ сынды дала тәртібі мен демократиясы жайлы да кеңінен сөз етеді.

Ал рушылдықтың ар жағы – бөлектену, сыбайлас жемқорлық, трайбализмге бой алдыру, ынтымақтан аттау сияқты берекесіз жол деп жатады.

Әрине, рушылдық жаппай сипат алып жатқан жоқ. Ел ішінде көзі ашық, көкірегі ояу адамдар өте көп. Дегенмен рушылдыққа бүйрегі бұрып, түрлі қажетсіз шараларды ұйымдастырып, жастарға теріс әсер беріп жүргендердің  аз емесі тағы бар. Қоғамның дертіне айналатын нәрсе ру емес, рушылдық болып тұр.     

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады