«Салық төлеудің қажеті жоқ»: электрокөліктердің артықшылығы

25.07.2023, 12:21
864
«Салық төлеудің қажеті жоқ»: электрокөліктердің артықшылығы smartnews.kz

Жанармаймен жүретін көліктерге қарағанда электрокөліктер жүргізуші шығынын қанша пайызға үнемдей алады? Бұл сұрақтың жауабын smartnews.kz сайты тарқатады.

Қазіргі кезде елімізде тоқпен жүретін көліктердің сандық көрсеткіші 1%-ды да құрамайды. Аз десек те, жыл санап көрсеткіш өсіп келеді. Мысалы, 2022 жылы елде 812 ғана электрокөлік болса, 2023 жылдың 1 мамырында олардың саны бірден үш есеге өсіп, 2790 көлік санын құраған.

Елдегі электрокөліктердің 87,6% жеңіл көліктер құрап тұр. Ал жүк көліктері 10,3% болса, автобустар 2,1% жетеді.

Айта кетелік, электрокөліктермен қатынаудың жанармай құйылатын көлікке қарағанда тиімді тұстары көп. Мәселен, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) салалық талдау департаментінің зерттеу есебіне сәйкес, электрокөліктің шығыны 3 есе арзанға түседі.

20 000 км жылдық шығын Toyota Camry XV70 үшін шамамен 381 300 теңгені құрайды. Одан бөлек оған төленетін салық, мотор майын ауыстыру секілді машақаты тағы бар. Ал электрокөлікті зарядтау 170 000 теңгені құраса, тіпті үйден зарядтағанның өзінде 55 000 теңгені ғана құрайды. Электрокөлік үшін бұдан басқа шығындар жоқ. 

Электрокөліктің ең үлкен артықшылығы – жыл сайынғы салықтан босатылған. Көлік салығынан бөлек, кедендік баж бен утиль алымынан босатылады. Сондай-ақ Банктер де электромобильдерді сатып алуға жасыл автонесие бере бастаған. Мұндай тиімді жеңілдіктер азаматтарды жасыл көлікке көшуге ынталандырудың жолы деуге болады.

Одан бөлек, Астана халықаралық қаржы орталығы елдің тұрақты экономикалық өсуіне, оның ішінде орнықты инвестицияларды тартып, қолдаушы қаржы экожүйесін құру бөлігінде төмен көміртекті экономикаға көшу мәселелеріне жәрдемдеспек.

  • Елімізде электромобильдердің қолжетімділігін арттыру үшін АХҚО Жасыл қаржы орталығы жасыл қаржы саласындағы қажетті құжаттар мен саясаттарды әзірлеу арқылы жасыл облигациялар шығаруда және кредиттер беруде қаржы ұйымдарын қолдау бойынша қызметтер көрсетеді. Елдегі жасыл облигациялар мен несиелердің 70%-ы Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілгенін ерекше атап өткіміз келеді, - дейді АХҚО салалық талдау департаментінің бас менеджері Айнұр Жақыпова.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады