Танымал ресейлік продюсер Максим Фадеев марқұм Салтанатқа арнап ән жазды

24.05.2024, 13:56
1262
Танымал ресейлік продюсер Максим Фадеев марқұм Салтанатқа арнап ән жазды ашық дереккөзден

Salta атты трек қаза тапқан қазақстандық Салтанат Нүкенованы еске алуға арналған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал ресейлік музыкалық продюсер және композитор Максим Фадеев жаңа әннің жақын арада шығатынын жариялады. Salta атты трек қаза тапқан қазақстандық Салтанат Нүкенованы еске алуға арналған. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жария етті. Белгілі болғандай әннің премьерасы 31 мамырда болмақ.

Пост астында Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен Айнұр Нүкенова композитор Фадеевке алғыстарын білдірген.

Продюсер сонымен қатар кісі өлтіру оқиғасы туралы өз ойларымен бөлісті:

"Қазақстанда экс-министрдің өз әйелін өлтіргені туралы сұмдық жайтты оқыдым... Мен сот залынан видеоны да көрдім. Сотталушының сабырлы бет-жүзі, жәбірленушінің "өзі кінәлі" екенін айтып ақталуы, мені қатты таң қалдырды", - деп жазды ол.

Фадеев сонымен қатар Ресейдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан болатын өлім-жітімнің жиілігіне алаңдаушылық білдіріп, "біздің елде ол әлі де декриминализацияланған", - деп қосты.

"Егер ер адам сізді бір рет тепсе, кем дегенде бір рет ұрса — бұл әрқашан солай болатынының, бұл ісі қайталанатынының белгісі екенін біліңіз. Оның ұруына рұқсат берген сайын, оның соққысы одан әрі күшейе түседі. Ақыр соңында, бұл сөзсіз кісі өлтіруге немесе ауыр жарақатқа әкеп соғады", - деп кеңес берді ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін әйелдерге.

Продюсер балаларға қатысты зорлық зомбылықтың әсеріне де назар аударды:

"Бұл ойым балаларға да қатысты. Әйтпесе, зорлық-зомбылықты көрген баланың психикасы бұзылып, ол өз ата-анасының мінез-құлқын өзіне көшіреді", - деді ол.

Еске сала кетсек, азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша процесті көрермендердің көпшілігі онлайн бақылап отырды. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)