Жұмыс берушілер неге өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салуы керек

29.06.2023, 14:46
925
Жұмыс берушілер неге өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салуы керек

A-Pro басшысы Қазақстанның адами капиталын дамыту туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Астана Халықаралық Қаржы Орталығы жұмыс істегелі өзіне қарасты А-Pro ұйымы арқылы 18 000-нан астам қаржы маманын оқытып шықты. Солардың ішінде 2000-ы халықаралық сертификаттау бағдарламаларына даярлықтан өтті. 

Нарықтағы қазіргі жағдай мен АХҚО-ның 2025 жылға дейінгі даму басымдықтарын талдай отырып, мамандар ESG және көміртегі бейтараптығы жөніндегі оқыту бағдарламаларының маңыздылығын анықтады. Бүгінгі күні «Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет» және «Комплаенс» сияқты курстар өзекті болып отыр. Осы және басқа да өзекті ақпаратпен A-Pro басты атқарушы директоры Аида Байжиенова бөлісті.

A-Pro директоры Аида Байжиенованың айтуынша, бүгінде компаниялар өз қызметкерлерін тұрақты және инновациялық дамудың негізі ретінде қарастыруы керек:

«Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің біліміне инвестиция салудың маңыздылығын түсінуі тиіс. Қызметкерлерге жеке даму мен оқуға мүмкіндік туғызылғанда олар жаңа идеяларға ашық болып, тың инновациялық шешімдерді ұсынатын болады. Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлер оқудан кейін жұмыстан кетіп қалуы мүмкін деп қорқады, дегенмен, өз әріптестерін тыңдап, ести білу керек».

Биыл маусым айында өткен «Astana Finance Days 2023» конференциясының негізгі тақырыптарының бірі – «Қазақстандағы адами капитал» болды. 

Конференцияда Қазақстан жоғары білімінің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен талаптарға сәйкестігі туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті директорының м.а. Бану Нарбекова айтып берді. Ол біздің еліміздің азаматтарының тек 50%-ы ғана инновациялық әлеуетке ие екенін еске салды: 

«Осындай сын-қатерлерді ескере отырып, біз жақында 2029 жылға дейін жоғары білім беруде де, ғылымда да өз әлеуетімізді арттыруға бағытталған жаңа тұжырымдама әзірледік».

Аида Байжиенова өз кезегінде білім беру бағдарламаларының нарық сұраныстарына сай болуының маңыздылығын ескере кетті: 

«Қазір Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтардың бірі IT екені сөзсіз, бірақ нарықта қандай IT мамандардың жетіспейтінін түсіну қажет. Осы себепті біз университеттермен әрдайым байланыстамыз, студенттерді практикаға, тағылымдамаға шақырып тұрамыз. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның 9 ЖОО-мен серіктеспіз, оның ішінде ҚБТУ, ALMAU, SDU, KAZGUU және т.б. белді оқу орындары бар. Сондай-ақ, ел үшін маңызды міндеттердің бірі – Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру екені анық. Сондықтан біз АХҚО атынан еліміздің түкпір-түкпірінен 9-11 сынып оқушылары үшін экономика-қаржы олимпиадасын өткізіп келеміз. 6 рет өткен бұл білім жарысының қорытындысы ретінде жеңімпаздарға оқу гранттары берілген болатын».

Қазақстанда ауылдық жерлер мен қала арасында білікті медицинаға қол жеткізуде ғана емес, сапалы білім беруде де алшақтық бар. A-Pro сарапшыларының пікірінше, барлық өңірде бірдей адами капиталды дамытудың оңай әрі тиімді жолы – онлайн оқыту: 

«A-Pro білім беру бағдарламаларына қатысушылардың географиясы әжептәуір кеңейді. Оқытуға тек Астана мен Алматыдан ғана емес, Қазақстанның шалғай өңірлерінен және Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты көрші елдерден де мамандар қатысады».

Бүгінде көптеген шетелдік алпауыттар мамандарға оқу алаңын ұсынуға дайын. Мысалы, Mastercard компаниясында өз академиясы бар. Бұл туралы Mastercard-тың Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка айтты: 

«Мен Mastercard-та көп жылдан бері жұмыс істей келе, қаржы саласындағы технологиялар мен мамандардың дамуына ерекше назар аударамын. Қазақстан бұл тұрғыда Орталық Азия өңірінде едәуір дамыған ел, бірақ Қазақстанға үнемі көбірек IT-маман қажет. Біз сондай-ақ қызметкерлеріміз бен серіктестерімізге төлем индустриясы бағытында білім алуға көмектесеміз, Mastercard Academy-де оқуға шақырамыз. Бірінші жартыжылдықта Академияда EEMEA аймағы мен Қазақстан бойынша 4000-нан астам адам білім алды. Сонымен қатар біз үнемі оқыту семинарларын өткізіп тұрамыз, STEM бағытындағы дарынды оқушыларды дамытуға және талапты студенттер мен жастардың білімін кеңейтуге барынша көңіл бөлеміз».

Сөз соңында А. Байжиенова «инновациялар АХҚО-ның орталықты дамыту жолдарында да, қаржылық қызметтер секторын дамытуда да басты ерекшелігі» болып қала беретінін жеткізді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды