Петропавлда бірнеше адамға үлкен шығын келтірген алаяқ әйел сотталды

04.04.2024, 12:52
636
Петропавлда бірнеше адамға үлкен шығын келтірген алаяқ әйел сотталды gov.kz

Петропавлда ешқайда жұмыс істемейтін әйел бірнеше жыл бойы таныстарын алдап, солардың есебінен күн көріп келген.

Тергеу барысында алаяқтықтың 10 эпизоды анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы әйел түрлі себептерді сылтау етіп қарызға ақша сұрап келген, әрі өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырған. 2019 жылы келіншек жәбірленушілердің бірін сендіріп, шұғыл түрде жылжымайтын мүлік аламын деп ақша сұрап алған. Алданып қалатынын білмеген әйел пәтерін кепілге қойып, ірі сомада несие алады. Салдарынан 12 млн теңге шығын шекті.

Петропавл қаласының полиция басқармасының тергеушілері күдіктінің қылмыстық әрекетін тергеу барысында 45 мың теңгеден бірнеше миллиондаған теңгеге дейін шығын келтірілген алаяқтықтың 10 эпизодын анықтады. Жәбірленушілердің көпшілігі оған сеніп, қанша жыл өтсе де берген қарыздары қайтарылады деп ойлаған. Полицияға тек төртеуі ғана жүгінген.

Өзгелердің ақшасына күн көруді әдетке айналдырған әйел 2023 жылдың көктемінде кондитерлік өнімдер мен жидектерден құралған гүл шоқтарын сату туралы хабарландыруларды интернет кеңістігінде орналастыра бастаған. Клиенттердің біріне тапсырысқа сай келмейтін тәтті гүл шоғын жіберген. Енді бір адам ақшасы төленіп, уәде еткен тауарды мүлдем алмаған. Осылайша тағылған айыпқа интернет алаяқтықтың екі эпизоды қосылды.

Биыл наурызда Петропавл қалалық соты алаяқ әйелді 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындап, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді