Әлеуметтік желіде әлдекімдер Павлодар облысы әкімінің атынан парақшалар ашқан

04.04.2024, 18:50
933
Әлеуметтік желіде әлдекімдер Павлодар облысы әкімінің атынан парақшалар ашқан Жеке парақшасынан

Өңір басшысы бұл алаяқтардың әрекеті екенін ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болған жаңа парақшаларға Асайын Байхановтың фотосуреті қойылып, оның атынан қарамағындағыларға хат жазылып жатыр.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тек үш ресми парақшасы бар екенін хабарлады. Олар: Instagram желісінде – @asaiyn.baikhan, Facebook-те - Асайын Байхан және telegramда t.me/AsaiynBaikhan.

Аймақ басшысының айтуынша, кейінгі күндері өзінің және бірнеше мемлекеттік орган басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, қарамағындағы бірқатар қызметкерге және өзге де адамдарға хабарламалар жіберілген. 

«Мен сіздерден телефон арқылы хат алмасуда және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуды сұраймын. Өкінішке орай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және кез келген адамның олардың арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін. Менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл – алаяқтар. Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймын», - деп жазды өзінің дербес парақшаларында әкім.

Сондай-ақ ол WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөмірінен, жасырмай жіберетінін атап өтті.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады