Пышақ сілтеп, шелекпен ұрған: Шымкентте анасы жасөспірім қызын аяусыз соққыға жыққан
Желіде жасөспірім қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видеодан қолына пышақ ұстаған әйелдің жасөспірім қызға қарай пышақ сермеп, бетіне тақағанын көруге болады.
Содан соң әйел жасөспірімнің бетіне бірнеше рет соққы жасап, басынан шелекпен ұра бастайды. Видеода оқиғаның осы жылдың 30 наурызында болғаны анық көрсетілген.
Полицияның мәліметінше, қыз әйелдің бірінші некесінен туған. Қазір жасөспірім өз әкесінің қамқорлығында.
Бейнежазбада көрсетілген тұлғалар анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші