«Бұл апат айтып келді»: Асхан Тарғын туған жерінің су астында қалғанын айтып, дабыл қақты

Аиса Махамбет Редактор
05.04.2024, 15:17
1698
«Бұл апат айтып келді»: Асхан Тарғын туған жерінің су астында қалғанын айтып, дабыл қақты жеке парақшасынан

Танымал әнші Асхат Тарғын туған жерінің су астында қалғанын айтып, жергілікті билік өкілдерін кінәлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы, Ырғыз өңірінің халқы су тасқынынан қатты зардап шегіп жатқан көрінеді. 

“Осының бәрі – 30 жыл бойы түк істелмегеннің кесірі. Ақтөбе қаласының ішінде су ағар арықтар жоқ, қала сыртында су ұстайтын дамбы жоқ. Ауылдағы жағдай мүлдем нашар. Қаншама үй, қаншама мал-мүлік суға кетті. Кімді кінәлаймыз?! Тағы да халықты ма?! “Апат айтып келмейді” деп құтыла салады, әйтеуір. Бұл апат айтып келді. Өйткені қыста барғанымда даланың қары жылдағыдан өте көп жауғанын көзіммен көрдім. Айтып едім “мына қар ерісе даланы ауылды су басады” деп. Айтқаным келді. Еліміздің барлық аймақтарын су басып жатыр, өкінішті… Сергекті көбейткенше, болмайтын насыбаймен айналысқанша, осы су басу каупіне дайындалу керек еді. Алдын ала іс-шараларды жасау керек еді. Сөзім жоқ. Алла жар болсын халқыма”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары түрлі пікір жазып, су тасқынымен қалай күресіп жатқандарын баяндап берді.

“Ауыл сыртына шом тарту керек еді. Сол кезде тұрғындар әбігерге түспейтін еді”, “Бұл табиғи апат емес. Жылда еритін қар суы. Дамбы салуы керек деп қанша жылдан бері айтып жүрміз. Еститін ұүлақ жоқ”,  “Дұрыс ой айтып, пікір білдірсең биліктің жауына айналасың” деп жазып жатыр оқырман қауым.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды