1940

Алматыда ер адам көшеде кішкентай баланың көзінше өзін-өзі қанағаттандырған (видео)

Желіде Алматыда ер адамның кішкентай баланың көзінше көшеде өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тарады. Азаматтың баланың ағасы екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Алматыда ер адам көшеде кішкентай баланың көзінше өзін-өзі қанағаттандырған (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция ер адамды ұстады. 

Полицейлер резонанс тудырған видеоға түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмаған баланың көзінше азғындық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны және қыздың ағасы екені анықталды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте өзін-өзі қанағаттандырған ер адамға полицейлер іздеу салғаны туралы жазған едік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор