Үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберген

06.04.2024, 12:47
829
Үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберген gov.kz

«Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры және «Мейірім» қайырымдылық қоры бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, үкіметтік емес ұйымдар Ақтөбеге 7 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бір адамның ғана емес, қоғамдағы мейірімді жандардың ынтымақ-бірлігінің арқасында азық-түлік, балалар киімі, ересектердің жылы киімдері жиналған.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мәліметінше, бірнеше күн ішінде 7 тоннаға жуық алғашқы қажетті тұрмыстық заттар жиналып, жүк көлігі Ақтөбе қаласына аттанды.

Сонымен қатар қоғамдық қордың еріктілері қатарында Астана қаласы №3 олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушiлерi болды.

Қайырымды жандар тарапынан көмек беру туралы сұранысқа қарай штаб әрі қарай да жұмысын жалғастыра бермек. Сонымен қатар Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына : Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті сынды елорданың жоғары оқу орындары да қосылды. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында The one қонақүйі, «Әсем», «Рахмет», «Шапағат» сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері де бар.

Айта кетсек, елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды.

Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктеріне апара алады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды