"Бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны": Тоқаев апаттан зардап шеккендер назардан тыс қалмайтынын айтты

06.04.2024, 17:48
1434
"Бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқыны": Тоқаев апаттан зардап шеккендер назардан тыс қалмайтынын айтты ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6 cәуір 13:00-де халыққа үндеуінде биылғы су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі апат екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, президент мұндай ауқымды апат бұрын-соңды болмаған деді.

"Құрметті отандастар, сіздерге еріген қар суынан кейінгі су тасқынынан туындаған күрделі жағдайға байланысты хат жолдап отырмын. Бұрын-соңды болмаған табиғи апат орын алды. Бәкім, бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі апат шығар", – деді ол халыққа жолдауында.

Мемлекет басшысы еліміздің 10 облысында – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілгенін атап өтті.

Сөзінше, оның тапсырмасынан кейін  су тасқынының салдарын азайту жұмыстары күшейіп, тиісті шаралар қабылданды, премьер-министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Енді қорғаныс министрлігі қосымша әскери бөлімдер жібереді.

“Үкімет басшысы да, оның орынбасарлары да, Төтенше жағдайлар министрі де зардап шеккен аймақтарды аралап жүр. Барлық жергілікті құтқару жұмыстары менің жеке бақылауымда. Жағдай қиын, бірақ үміт үзудің қажеті жоқ, бұл жағдайды түзетеміз. Ең бастысы – адам шығынының алдын алу”, – деді Тоқаев.

Ол су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын және барлық материалдық шығын өтелетінін атап өтті.

Сондай-ақ президент қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды

"БАҚ, пікір көшбасшылары мен блогерлерге – дүрбелеңнің таралуына ықпал ететін тексерілмеген ақпаратты таратпаңыздар, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймын", - деді ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды