"Әлі алдап келеді": Ақбота Керімбекова су басқан өңірлердегі жұрттың жағдайын айтып, шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2024, 14:45
1713
"Әлі алдап келеді": Ақбота Керімбекова су басқан өңірлердегі жұрттың жағдайын айтып, шағымданды ашық дереккөзден

Өнер иесі табиғи апаттан зардап шеккен халықтың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ақбота Керімбекова желіде су басқан өңірлер туралы жазба жариялады.

"От пен судың ортасында өтіп жатқан қайран қазақтың өмірі-ай… Су астында қалған өңірлердің бәрін гастрольдермен жүріп өткем, өнерге, қазақ әніне сонша іңкәр тұрғындарымен дидарласқанмын… Сондай қарапайым, сондай тәубешіл, ешкімге зардап-зияны жоқ жұртыма төне беретін бұл не қатер?!

Айналып келіп жапа шегіп жатқан ауылдағы, елдегі өз күнін өзі көріп отырған бейнеткеш халық. Қирап жатқан, шаңырағы ортасына түсіп жатқан бай-манаптардың тас қамалдары емес, ырқыл-жырқылдан жырақта қоңырқай тіршілік етіп жатқан, бит терісін биялай қылып қабырғасын қалап, сонысына шүкір етіп жүрген жаны жабырқау жұрттың жалғыз баспаналары… Ол үйлер қарашаңырақ еді, бабадан қалған, әкеден қалған көз еді, құттыхана мешіт еді, елдегі ағайынның жалғыз жұбанышы еді. Қазақ даласында бұл үйлерден асқан жомарт, кең шаңырақ болмаған шығар, сірә. Мынау салғырттық соның бәрін аяусыз қиратқандай.

Әлі қамсыз, әлі ойсыз, бірақ… Соңғы сенімнің жібін үзсе де жүздері жарқын…

Әлі алдап келеді. Қауіп жоқ деген сайын өршеленген су жан-жақты жайпап барады. Сонда да мынабіреулер өтірік алдарқатуын доғарар емес!.. Қашан ел боламыз?! Қазақтың өзегін зардан, көзін жастан құрғатпау ғұмырлық миссиялары ма?! Ескі-жаңа деп есі кеткен есерлердің құлқынын тескен қазақ қашан қамсыз күн кешеді?! Қолыңды төбеңе қойып, безіп кеткің келеді кейде, біздің қолдан келер қайран не?.. Қалың ел, қайран жұртым-ау, сіздерді қалай жұбатарымызды білмейміз", – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)