Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

08.04.2024, 17:44
610
Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады t.me/KZgovernment

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмысын жалғастырып жатыр.

Бүгін ол тікұшақпен өңір басшысымен бірге жағдайды тексеру үшін Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті. Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген. Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан.

Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді.

Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты. Сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді.

Мыңдаған отандасымыз Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.

Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру кезінде ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)