«Сарайшық» музей-қорығының директоры Мұхтар Әбілсейіттің мәліметінше, қазір құзырлы органдардың мамандары тергеу алды тексеру жұмыстарын бастаған.
«Сарайшық қалашығының орнынан археологиялық қазба кезінде, Сарайшық ауылының маңында да адам сүйектері жиі табылады. Өйткені, ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар. Қазір Жайық өзенінің жағалауында мыңдаған адам бөгет соғу кезінде де адам сүйектері табылып отыр. Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар тиісті жұмыстарын атқарып, сүйекті ұлттық салт-дәстүрге сай қайта жерлеуді жүргізеді», - дейді Мұхтар Әбілсейіт.
Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты тасқын суға қарсы бөгет салынып жатыр. Бұл жұмыс Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Махамбет, Индер аудандарында, Атырау қаласына қолға алынған.