Құлсары қаласынан 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды

09.04.2024, 14:34
602
Құлсары қаласынан 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов Құлсары қаласындағы эвакуация жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2 680 нысанды су басқан.

– Арнайы комисся құрылады. Қазіргі таңда 231 техника, 1 198 жеке құрам, 18 дана жүзу құралы, 19 су сору құралы жұмылдырылды. ТЖМ арқасында бөгеттерді көтеру жұмыстары, сонымен қатар қаптарға топырақтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде Құлсары қаласындағы 7-ықшамауданындағы 502 тұрғын үй, 7 әкімшілік ғимарат, 6 білім беру нысандары, 1 жеке емхана су басуына жол берілмеді. Құлсары қаласынан 31 009 адам көшірілген, – деді Жантөре Демешов.

Эвакуацияланған тұрғындар Маңғыстау мен Атырау облысының басқа аймақтарына орналастырылды.

– Маңғыстау облысына 20 821 адам, Теңіз вахташылар қалашығына 7 445 адам, Атырау қаласына және басқа аудандарына 2 743 адам көшірілді. Құлсары қаласында уақытша ашылған орындарға 274 адам орналастырылды. Жылыой ауданында оқиға болғалы 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді. Жалпы, су тасқыны басталғалы 125 хабарлама түсті. Оның ішінде 179 адам құтқарылды, – деді спикер.

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды