«Ешкім ешкімге міндетті емес»: Белгілі блогер су тасқыны кезінде сынға іліккен шоу-бизнес өкілдеріне араша түсті

Аиса Махамбет Редактор
12.04.2024, 14:09
1355
«Ешкім ешкімге міндетті емес»: Белгілі блогер су тасқыны кезінде сынға іліккен шоу-бизнес өкілдеріне араша түсті ашық дереккөзден

Дәл қазір Қазақстандағы төтенше жағдай оңай болмай тұр. Еліміздің бірнеше өңірін су басып, тасқыннан зардап шеккен халықтың мазасы қашты. Ал әдетте әлеуметтік желіге той-томалақ, сауық-кештерде жүрген сәтін жиі жүктейтін шоу-бизнес жұлдыздарын халық іздеп әлек. Ал танымалдарды сынға алған жұртқа белгілі блогер жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дәл қазір ғаламторда жазылған пікірлерге зер салсақ, көпшілік әлеуметтік желіде миллиондаған аудиториясы бар әнші, әртістерді кінәлап, олардың осындай қиын-қыстау кезеңде үнсіз қалғанын айтып жатыр.

Жұрттың бұл сынын естіген блогер Есентай Ниязбаев шоу-бизнес өкілдеріне араша түсті.  

"Ешкім ешкімге міндетті емес. Осындай қиын кезде қандай шешім қабылдаса да, ол – әр адамның өз шешімі, яғни ол өзінің дұрыс деп қабылдаған шешімі. Бірақ біз ол адамның шынымен не істеп жатқанын білмейміз. Сол үшін құрметті көрермендер, олай айтудың қажеті жоқ. Мен 100% сенімдімін. Халықтың арасында жүрген адаммын, шоу-бизнесте де ағаларым бар, білемін. Сондықтан ешқандай қазақ жай жатқан жоқ, соны түсініңіздерші. Бүкіл қазақ уайымдап жатыр. Яғни келіп көмектеспесе де, ақшасын аудармаса да, Instagram-да бір репост істегеннің өзі – бізге үлкен көмек", – дейді блогер. 

Қалың көпшілікке әзілге толы вайндар арқылы танылған блогер Есентай Ниязбаевтың да үйін су басыпты. Бұл жігіт Батыс өңірінің тумасы екен.

"Менің үйім де суға батып кетті, көршілердің де үйі суға батып кетті. Су – тілсіз жау ғой, біз оған не істей аламыз? Осы жылы су тіпті белге дейін көтеріліп кетті ғой. Біздің үйдегі жиһаздар кетті. Қазір үйдегілер жалдамалы пәтерде. Бірақ ешкімге шағым түсіріп жатқан жоқпыз. Әкімшілікті де білемін, бұл апатты жағдайда ешқандай қазақ жай жатқан жоқ", – дейді Есентай Ниязбаев. 

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына еліміздің өзге аймағынан гуманитарлық көмек көрсету үшін түрлі волонтерлік ұйымдар құрылып, барынша жәрдемдесіп жатыр. Сол белсенділердің арасында белгілі журналист Дина Төлепберген де тынбай еңбек етіп жүр. Танымал тележүргізуші қиын жағдайға тап болған халықпан тілдесіп, қажет заттардың тізімін анықтапты.

"Осы қиын жағдайға душар болған азаматтармен байланысып жатырмын. Қазір ең қажеті құрылыс заттары: қаптар, күректер, қолғаптар, жаңбырдан қорғайтын сыртқы күртешелер. Ал кішкентай балалар қиын жағдайда. 72 мыңнан астам адам эвокуацияланды. Соның қаншама адамы мектептерде, тағысын тағы ғимараттарда күнелтіп жатыр. Балаларға қазір жылы киім-кешек керек. Бірақ жаңа киім болса деген үмітіміз бар. Өйткені қиын сәтте бір ескі-құсқыны да бергіміз келмейді. Одан кейін гигиеналық заттар, әсіресе әйелдерге арналған заттар, балаларға арналған жөргектер өте қажет. Одан кейін жарық, электр құрылғылары бойынша қажеттілік өте көп. Маңдайшам, генераторлар, прожекторлар деген сияқты заттар қазір өте қажет. Егер осындай заттар бар болса, алып келіңіздер. Бұл сіздің үлкен көмегіңіз болар еді", – дейді Дина Төлепберген. 

Табиғи апаттың кесірінен әбігерге түскен тұрғындармен жақынырақ сөйлесіп, жағдайын білген Дина Төлепберген бұл сұхбатында Ақтөбе облысындағы жергілікті биліктің былығын әшкереледі.

"Иә, мен кеше Ақтөбе өңірінің жұршылығымен тілдестім. Сол жақтағы адамдардың айтуынша, әкім түнде келген. Одан кейін "су 30 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін, одан артық көтерілмейді" деп сеніммен сөйледі дейді. Содан кейін халық 30 сантиметрдей болатындай етіп өз үйлерін қорғаған. Бірақ малдың да, үйдің де барлығы су астында қалғанын өзіміз біліп жатырмыз. Екінші үлкен мәселе – қырылған мал. Оны есепке кім алады, кім түгендейді? Өйткені тіркелмегені қаншама. Үшіншіден, баспана мәселесі. Кімге, қанша салынады? Кеше ауылдықтармен де хабарласып, сөйлестім. Әкімдіктегілер қазір "80 шаршы метрлік үй салып береміз" депті. Бірақ олар тұрған бұрынғы үй анағұрлым үлкен болған екен. "Біз үшін 80 шаршы метрлік үй біз үшін аздық етеді" деп жатыр. Сондықтан сұрақтар өте көп. Қашан біз бұл сұрақтардың нақты жауабын аламыз? Үкімет қазір осы тұрғыда жұмыс істеу керек", – дейді тележүргізуші. 

Ал алматылық қыз-жігіттерден жасақталған еріктілер ұжымы 9 сәуір күні гуманитарлық көмек ретінде Атырау халқына бір фура көлікпен 30 тоннаға жуық қажет заттарды жіберді.

«Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды