Астанадан Солтүстік Қазақстан облысына тағы 35 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

13.04.2024, 10:54
766
Астанадан Солтүстік Қазақстан облысына тағы 35 тонна гуманитарлық көмек жіберілді gov.kz

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадан бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 700 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің кезекті легін бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтті.

Солтүстік Қазақстан облысына 35 тонна гуманитарлық жүк тиелген жеті жүк көлігі жолға шықты: азық-түлік, төсек-орын және бірінші қажеттілік заттары.

«Жастар ассамблеясы» РҚБ төрағасы, ҚХА штабы басшысының көмек көрсету жөніндегі орынбасары Тимур Жұмырбаевтың айтуынша, «Жүректен жүрекке» жобасы ел тұрғындарының бірлігі мен өзара қолдауының символына айналды.

«ҚХА волонтерлері барлық аймақтарда белсенді жұмыс істеп жатыр. Осылайша 11 мың патриот азамат отандастарына көмек қолын созды. Олар отандастарына күндіз де, түнде де су тасқыны қиындықтарымен күресуге көмектеседі. Республикалық штаб жұмысы аясында су тасқынынан көп зардап шеккен аймақтарды аралап жүрміз. Біз жергілікті жерде волонтерлік топтардың жұмысын үйлестіріп, гуманитарлық көмек таратамыз. Су басқан өңірлердің тұрғындарымен де кездесіп тұрамыз, өйткені мұндай сәтте психологиялық қолдау көрсету өте маңызды. Осындай сын сәттерде Қазақстан халқының бірлігін көріп отырмыз», - деді Тимур Жұмырбаев.

ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасына қазақстандық тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының кәсіпкерлері қолдау көрсетті.

«Бүгін біз Ассамблеямен бірге «Жүректен жүрекке» акциясы аясында гуманитарлық көмек жіберіп отырмыз. Азық-түлік, жеке гигиена құралдары, күрек, киім-кешек, төсек-орын және басқа да қажетті заттарды жинадық», - деді қазақстандық тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, республикалық штаб мүшесі Хатам Шавхиев.

Гуманитарлық көмекті жинау әлі де жалғасуда. Тимур Жұмырбаевтың айтуынша, қазір ең қажетті тауарлар – резеңке аяқ киім, құмға арналған дорбалар, күректер, құрылыс материалдары, ауыз су. Барлық аймақтарда қабылдау пунктері ҚХА Достық үйлерінің базасында жұмыс істейді, онда әрбір белсенді азамат өз үлесін қоса алады.

Айта кетейік, су тасқыны басталғаннан бері ҚХА зардап шеккен аймақтарға 385 тонна азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жіберді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы шамамен 400 миллион теңгені құрайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды