«Шок болдым, боқтадым, нервім басыма шықты»: Ерке Есмахан өзін айыптағандарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2024, 14:09
10479
«Шок болдым, боқтадым, нервім басыма шықты»: Ерке Есмахан өзін айыптағандарға жауап берді жеке парақшасынан

Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккендерге тек 200 мың теңге бергені рас па? Әнші жауап берді. Бұл туралы ERNUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан өзін «Су тасқынына көмекке небәрі 200 мың теңге аударды» деп жазған желі белсенділеріне жауап берді. Өнер иесі елге жария етпей, бас-аяғы 6 миллион теңге аударғанын айтып, ақталды. 

«Екі-үш күн бұрын жиналған әншілердің сборының тізімінде қырғын адам тұр. Соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. «Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті» деп шулап жатыр екен. Неге мен, үнемі мені ғана ел сөз етеді осы.

Енді сіздер «Ұят!» деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік.

Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сомма шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. «Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сомма болар еді» деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей «Алла білсе болды, адамдар сөйлей береді. Жайбарақат отыра берші» дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз», - деп ренішін білдірді өнер иесі.

Ол сондай-ақ өнер адамдарының ақша жинауға міндетті еместігін алға тартты.

«Мені қоя берсін, жасы үлкен әншілердің берген ақшасына риза болмай, қарғап жатыр ғой. Құдай үшін, артық сөзден аулақ болыңыздаршы. Ол кісілер беруге міндетті емес, олар мемлекет емес. Ниеттеріне қанағат етсеңіздерші.

Әлі де қауіп көп. Мысалыға, Оралға тіпті үлкен су келеді дейді. Құдай сақтасын, папа-мамамыз заттарды жинап, дайын отыр. Оларды уайымдап мен отырмын. Күйеуім Оралда жүр. Жағдай әлі жақсармады. Әлі де көмегімізді аямаймыз.

Бір қызық әңгіме айтайын. Бір отбасыға тұрақты түрде көмек беріп тұратынмын. Көпбалалы отбасы. Азық-түлік, киім-кешек, ет берем. Апта сайын мешітте қой соямыз ғой, 4 бөлікке бөліп, мешітке және керек отбасыларға жібереміз. Дәл солай жаңағы отбасыға тағы ет жібердім. Бір кезде әйелі хат жазып жіберіпті. «Қойдың етін енді жібермеңізші, жей алмаймыз уже. Жылқының еті болса, беріңіз» деп. Шок боп, шалқамнан түсіп, боқтап, нервімнің басыма шапқаны есімде. Сондықтан, көмектессің де жақсыатты болуың екіталай», - деп түсіндірді Ерке Есмахан.

Еркені жел қолданушыларының «200 мың берді» деп сөз етуіне оның таяуда ғана 12 миллион теңгеге бренд сөмке сатып алғаны да себеп болған.

«Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы мөскеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам», - деп әңгімесін әзілмен аяқтады елдің Ерке әншісі.

Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған