"Артында 7 баласы қалды": Түркістан облысында ер адам гуманитарлық көмек жіберіп жатқанда қайтыс болды

16.04.2024, 17:49
3538
"Артында 7 баласы қалды": Түркістан облысында ер адам гуманитарлық көмек жіберіп жатқанда қайтыс болды Диас Нұрақын

Атырауға гуманитарлық жүк артып жатқанда қайтыс болған азаматты жерлеу рәсімі өтті.

Түркістан облысының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлының артында жары мен 7 баласы, мүгедек інісі қалған. Ол туралы журналист Диас Нұрақын жазды.

"13 сәуір күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз Хово жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып, 7 баланың әкесі 37 жастағы Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз қайтыс болды. Бала күнімнен бірге өскен, әрі көршім, әрі досым еді. Өте мейірімді, кімге көмек қажет болса қол ұшын созуға асығып тұратын азамат еді. Соңғы іс-әрекеті де елі үшін көмекке асығу болды. Көмекке аттанар алдында өте қуанып жүр еді, жақсы тілектер айтып шығарып салып едік, амал нешік жете алмады", – делінген журналистке келген хатта.

Ынталы ауылының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлын жерлеу рәсімі бүгін өтті. Марқұмның жолдасы Сара есімді келіншек 7 баламен жесір қалғанын айтады.

"Бүгін жерледік. Қолымда екі қайным бар. Біреуі үшінші топтағы мүгедек. Балаларымның үлкені - 16 жаста. 10-сыныпта оқиды. Ал ең кенжем 2 жаста", – дейді әйел.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады