«Шатырлар су бетінде қалқып жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қызылжар өңіріне барды

Аиса Махамбет Редактор
20.04.2024, 16:14
3128
«Шатырлар су бетінде қалқып жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қызылжар өңіріне барды жеке парақшасынан

Отандық киножұлдыз, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынынан қатты зардап шегіп жатқан Қызылжар өңіріне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі халықтың қазіргі жай-күйі мен аймақтағы ахуалды баяндап берді. 

“Кеше Қызылжарға барып қайттым. Қала маңындағы су басқан елдімекендер мен аудардарды көзіммен көрдім. Су бетінде қылтиып шатыры ғана тұрған үйін алыстан бақылаған адамдардың күйін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Тәулік бойы екі маусымда қызмет жасап жүрген әскерилер мен тұрғындардан мән-жайды сұрадым. Мұндағылар судың қайта көтерілу қаупі бар деп алаңдап отыр”, – деді актриса. 

Сонымен қатар қауіптің алдын алу үшін қандай іс-шара ұйымдастырылып жатқанын да көрсетті. 

“Дәл осы бекеттерге 300 әскер жұмылдырылған екен. Төтенше жағдай мамандары әскерилер, жергілікті тұрғындар “жұмыла көтерген жүк жеңіл” деп, бірлесе күресіп жатыр. Алдын ала хабарласқанымда, мемлекет және әкімшілік тарапынан керек-жарақтың барлығымен қамтамасыз етілгендерін айтты. Алайда, қол ұшын беремін деген ниетіңіз болса, су өткізбейтін етіктер, жауыннан қорғайтын жамылғылар, басқа да аса қажетті ұсақ-түйек заттар артық болмайды. Топан судың беті тезірек қайтып, қауіп-қатерден аман шықсақ екен деп тіледім”, – деп жазды киножұлдыз. 

Еске салайық, Төтенше жағдайлар департаменті Петропавлға шамамен 2,5 млрд текше метр су келетінін ескертті. 

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады