Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 103 млн теңге төленді

21.04.2024, 10:15
1047
Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 103 млн теңге төленді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бұл сомаға материалдық шығын мен бірреттік әлеуметтік төлем көлемі қосылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыс әкімі жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барды. Мұнда Асхат Шахаров Шиқұдық, Қаратал, Ойыл ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Су тасқыны кезінде залал келген Саралжын және Ойыл селосына кіреберіс көпірдің жай-күйімен танысты. Аудан орталығындағы жаңа тұрғын үй салынатын аумақта жер учаскелерінің бөлінуін бағамдады.

Асхат Шахаров Саралжын ауылдық округінің құрамындағы 174 тұрғыны бар Шиқұдық ауылында болды. Табиғи апат кезінде елді мекендегі жолды су бұзған. Жергілікті белсенді азаматтар облыс әкімінен жол мен көпірді қалыпқа келтіріп беруді сұрады. Жақын күндері елді мекенге жол саласының мамандары келіп, мәселені шешу жолдарын қарастырады.

Шиқұдық орта мектебіне барған өңір басшысы оқушылармен тілдесті. 9 жылдық білім ордасында 48 бала оқиды, 18 мұғалім дәріс береді. Саманнан салынған мектеп 2000 жылы бой көтерген. Қазір мұнда жаңа мектеп салу қажеттілігі бар. Асхат Шахаров аудан әкіміне бұл мәселені білім басқармасымен келісіп, жоспарға енгізуді тапсырды.

Табиғи апаттан Саралжын ауылдық округі аумағындағы көпір де іске аспай қалды. Қазір халық айналма жолмен қатынап жүр. 2008 жыл салынған көпірдің жалпы ұзындығы – 100 метр. Нысанның тіреуіш бағаналары ауыстырылады. Облыс әкімі құрылыста асықпауды, сапалы материалдар пайдалануды Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына міндеттеді. 

Ойыл ауылына кіреберіс көпір де жөндеуді қажет етеді. Мұнда су ағысы қатты болып, көпірдің тірегі істен шыққан еді. Қазір уақытша жол салатын мердігер анықталды. Сонымен қатар техникалық тексеру қорытындысы шыққан соң, құрылыс басталады. «ТенгизСтройСервисГрупп» мекемесі тірек бағаналарының жағдайын тексеріп, жер қыртысын зерттеуде.

Көктемгі су тасқынында Қаратал ауылында 236 үйді су басты. Материалдық шығынды есептейтін комиссия шешімімен, 19 үй қайта жөнделеді. 178 үйдің іргетасы жаңадан қаланады. 34 қараталдық отбасы аудан орталығына көшу туралы шешім қабылдаған. Өңір басшысымен кездесуде тұрғындарды тұрғын үйлер қашан бой көтереді, ауыл маңында бөгет салына ма деген сұрақтар қызықтырды.

«Өздеріңізге белгілі, су тасқынының салдарын жою – Мемлекет басшысының қатаң бақылауында. Президент айтқандай, табиғи апаттың зардабын көрген әрбір жанға көмек қолын созамыз. Құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр, бағасын береді. Соның негізінде біржолғы әлеуметтік төлемді төлеп жатырмыз. Мүлік жарамсыз болса, жаңадан үй саламыз. Малдың шығыны үш түрлі жолмен есептелуде. Бастысы – ресми ақпарат көздеріне сену, алыпқашпа әңгімелерге сенбеу. Біршама жұмыс істеліп жатыр. Сіздерден де қолдау күтеміз», - деп атап өтті Асхат Шахаров.

Қараталда үйі құлағандардың бірі – 70 жастағы Күләш Рүстенова. Әжей үйіне барған өңір басшысына туған жерінен көшпейтінін жеткізді.

«Судың қарқыны қатты болды. Қалай келгенін байқамай қалдық. Басымыз аман. Жаңадан үй салып береміз деді. Ауылда қаламыз. Ешқайда көшкіміз келмейді. Қорадағы малдың да өтеуі төленеді екен. Бірреттік төлем - 369 мың теңгені балаларым алыпты, көмек көрсетіліп жатыр», - деді көзіне жас алған Күләш Рүстенова.

Қазіргі уақытта Ойыл ауданы бойынша 100 айлық есептік көрсеткішті құрайтын әлеуметтік төлем 270 отбасыға берілді. Ал бүлінген мүлікке берілген сома 54 млн теңгеге жуықтайды, оны 17 отбасы алған.

Жұмыс сапарының соңында Асхат Шахаров Ойыл ауылында бой көтеретін жаңа үйлерге бөлінген аумаққа барды. Алдын ала есеп бойынша, барлық инфрақұрылымы тартылған бұл жерге Екпетал, Жаңабаз және Қаратал ауылының тұрғындары үшін 100-ден аса үй салынады.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты