793

Арнайы мамандар Бишімбаевтың телефонын аша алмай отыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары оның ұялы телефонының құпия сөзін аша алмағанын айтты.

Арнайы мамандар Бишімбаевтың телефонын аша алмай отыр
Жоғары сот

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Судья Құлбаева соталды тергеп-тексеру барысында Бишімбаевтың ұялы телефоны заттай айғақ ретінде танылғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 375-бабына сәйкес заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде жүргізіледі. Осы телефон бойынша соталды тергеу барысында ҰҚК 5-ші қызметінің 12-ші департаменті зерттеу жүргізді.

IPhone 13 Pro Max ұялы телефонында алты таңбалы код-пароль қойылған деген қорытынды шығарылды. Код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады, - деді судья.

Сонымен қатар, Айжан Құлбаев сот тергеуінің осы сатысында ұялы телефон ашылмағандықтан, зерттеу жүргізілмегенін атап өтті.