Түркістан облысының тұрғыны әйелін қызғанып, өзбек жұмысшысын бауыздап тастады

23.04.2024, 12:05
1628
Түркістан облысының тұрғыны әйелін қызғанып, өзбек жұмысшысын бауыздап тастады canva.com

Жантүршігерлік оқиға 2023 жылдың 21 қарашасында сағат 22:00 шамасында Түркістан облысы Ақдолы ауылдық округінде болған. Бұл туралы Caravan.kz сайты хабарлайды.

1969 жылы туған Мықтыбай О. есімді ер адам үй маңындағы вагон ішінде Өзбекстаннан келген жалдамалы қызметкерімен арақ ішіп отырған. Мықтыбайдың азаматтық некедегі әйелі дастархан жайған. Сөйтіп "отырыс" кезінде өзбек жігіті әйелге көбірек көңіл бөле бастаған. Тіпті әйелге қолын жүгіртіп, денесінен сипап өткен.

Өзбекстандықтың бұл әрекеті үй иесінің ашуын туғызып, одан тезірек үйіне қайтуын талап етеді. Екі ер адам сөзге келіп, мәселені шешу үшін сыртқа қарай шығып кетеді. Үйдің қожайыны асхана пышағын ала жүгіреді.

Көшедегі жанжал ашық қақтығысқа ұласып кетеді. Мықтыбай ер адамның мойнынан, одан кейін беті мен құлағынан екі рет пышақ сұғып алады. Жалдамалы жұмысшы ауыр жарақат салдарынан есін жоғалтып, жерге құлаған. Ер адам вагонға оралып, әйелімен бірге отырысты жалғастыра береді. Бірақ келесі күні жергілікті тұрғындар өзбек жұмысшысының мәйітін тауып алады.

Үй иесі Мықтыбай бірден күдікке ілінеді. Жауапкерге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот барысында талапкердің азаматтық некедегі әйелі ер адамдар арасында қызғаныштан жанжал шыққанын растады.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды