СҚО-да тасқын су мен мұз 700-ден астам электр бағанын құлатқан

23.04.2024, 19:38
512
СҚО-да тасқын су мен мұз 700-ден астам электр бағанын құлатқан "ОАЭК" АҚ ресми сайтынан

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөледі.

 

Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«ОАЭК» компаниялар тобына қарайтын электрэнергетикалық инфрақұрылым нысандарында «Севказэнерго» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері тәулік бойы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көктемгі су тасқыны кезінде тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана электр беру желілерінің 729 бағаны және екі қосалқы станцияға зақым келтірілді, 98 км электр желісін қалпына келтіру қажет.

Мамандардың айтуынша, келген шығын бұдан да көп болуы мүмкін, ол су кеткеннен кейін белгілі болмақ.

СҚО Шал ақын ауданында 10кВ желінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Нәтижесінде Кеңес, Жаңаталап және Жаңажол ауылдарының 200-ден астам тұрғыны тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Жаңадан желі салынып жатқан уақытта елді мекендерге электр қуаты дизельді генераторлардан берілді.

«Қызылжар Су» ЖШС уақытша сорғы станциясын электрмен жабдықтау үшін 60 қызметкер, 13 арнайы техника жұмылдырылды. 21 сәуірге қараған түні екінші сорғы станциясы электрмен жабдықталды.

Қызылжар ауданында Вознесенка, Надежка және Боголюбово елді мекендерінің тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін темірбетон тіректер орнатылды. Бүгінде ұзындығы 15,6 шақырым болатын «Леденово-Боголюбово» 10кВ жоғары вольтты желісі іске қосылды.

Су басқан аудандарды электрмен қамту үшін «Севказэнерго» АҚ қосымша 5 дизельді-генераторлық қондырғы сатып алды. Олар Новокаменка және Архангелка ауылдарында орнатылған.

Ал Ақмола облысында электр тарату желілерінің 212 бағаны мен бір қосалқы станция істен шықты. Сондай-ақ 39 км электр желісін қалпына келтіру қажет.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды