«18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: актриса Бақытгүл Серікбаева кинодағы ашық сахналары туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 17:31
1814
«18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: актриса Бақытгүл Серікбаева кинодағы ашық сахналары туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

«Дос-Мұқасан» фильмінде жұмысы туралы ашық айтып, тәрбиеден уайымдағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Бақытгүл Серікбаева отандық фильмдер арқылы көпшілікке кеңінен таныс. Өнер иесі  «Мамский әңгіме» бағдарламасында  «Қашан туасың?» киносындағы ашық сахналары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Киноға кастинг директоры шақырды. Сосын кетіп қалдым. Кейін маған хабарласып,  «Ашық сахналар бар» деді.  «Қаншалықты ашық сахна?» деймін ғой.  «Қазір саған сценарий жіберемін» деді. Оқып болдым да, «Мен түсе алмаймын. Кешір мені» дедім.

Сөйтіп Айдын аға аудиожазба жіберді. Осыған дейін ол кісімен  «Дос-Мұқасан» фильмінде жұмыс істеген болатынбыз.  «Бақытгүл, кино сен ойлағандай түсірілмейді. Жазылғандай түсірілмейді. Ол өте эстетикалық тұрғыдан болады. Сондықтан уайымдама. Қорықпа! Сен!» деді. Сонда да мен ойландым. Қорқыныш басым болды. Ондай сахнаға түспегенмін. «Жарайды» деп келісім бердім.

Таң атқанша уайымдап, ұйықтай алмайтынмын. Сол сахналар ғана мені уайымдатты. Қорқыныш кейін келе пайда болды. Тәрбиеден бе, түсініктен бе, қатты уайымдадым. Ашық сахна түгілі, +18 сөздің өзінен ұялатынмын. Осындай тақырыптағы бірінші жобам болғасын, әйел адамның мәселесін, тағдырын көрсету қосылғасын, көзім бақырайып, қатты уайымдадым», - деді Бақытгүл Серікбаева.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады