Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді

27.04.2024, 20:46
1971
Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді polisia.kz

Абай облысындағы «маньяк» туралы ақпаратқа полиция түсініктеме берді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Абай облысындағы "маньяк" туралы ақпарат тараған. Өңірлік полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында осыған қатысты түсініктеме берді. 

"Восточный кентіндегі "маньякқа" қатысты WhatsApp чаттарында таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша Көрінеу жалған ақпарат тарату арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату - 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 400сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – 3000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды