Қазір басым бос: Танымал актриса өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.04.2024, 19:16
5172
Қазір басым бос: Танымал актриса өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты жеке парақшасынан

Өнер иесі «Мамский әңгіме» бағдарламасына қонақ, жан сырын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Бақытгүл Серікбаева басы бос екенін айтып, өзіне қандай жігіттер ұнайтынын жеткізді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

"Ең бастысы, арамыздағы сыйластық, бір-бірімізді түсіне білу, екі адамның сана биігінде тоғысуы. Оның жағдайы, көлігі, үйі, жұмысы маңызды емес. Тең-теңімен деген нәрсе бар ғой. Саған кездесетін адам – сенің айнаң. Сол үшін өзімді дамытуға, мінезіммен жұмыс істеуге тырысамын. Болашақта мынадай жарым болса деп ойлаймын. Бірақ мен оған қаншалықты лайықпын? Болашақ жарыммен ішкі жан-дүниемнің сай келуі маңызды. Бұйырған адам өзі келеді. Қазір басым бос.

"Өзім үшін бала босанып аламын" деген нәрсеге қарсымын. Әркімнің өз түсінігі бар ғой. Меніңше, ол – өзімшілдік. "Қартайғанда мен жалғыз қалмайын" деп босанып алады. Бірақ бала ше? Оның болашағын ойланбайды. Дұрыс емес деп есептеймін. Өмір болған соң, өлім де бар. Мүмкін балаң кішкентай кезінде өмірден өтіп кететін шығарсың? Ары қарай балаң кіммен қалады? Бұл нәрсеге түбегейлі қарсымын", – деді актриса.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады