«Жастардың бетімен кеткенін көрсетеді»: Дінтанушы тойда қосылған сүре туралы

30.04.2024, 17:53
937
«Жастардың бетімен кеткенін көрсетеді»: Дінтанушы тойда қосылған сүре туралы Azattyq Ruhy

Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмаймыз.

Жаңаөзенде болған тойлардың бірінде жас жұбайлар «жар-жардың» орнына «Бақара» сүресінің 2-аятын қосып шыққан,  

Бұл туралы Azattyq Ruhy сайты хабарлады.

Тойдан үзінді TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды. Оған қатысты 3 мыңнан астам пікір бар. Желі қолданушылардың бірі бұл дұрыс үрдіс десе, кейбірі Құран тек мешітте оқылуы керегін жазған. Бұл мәселеге қатысты дінтанушы Мұхитдин Паттеевтың пікірін сұраған едік.

Оның айтуынша, «тойда мұндайды жасауға бола ма, жоқ па?» деп ешкім сұрап жатқан жоқ.

«Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқ. Әйтпесе, қай ата-бабамыз келін түскен кезде «жар-жардың» орнына Құран сүрелерін тыңдайтын еді? Тіпті, Құран оқылды деген күннің өзінде жұмақ аяттары туралы айтылған. Мысалы, Түркияда ислами тойларда бір-екі жұма аяттарын оқиды. Мына жерде кәдімгі той ғой. Төрге шығып отыратын тойдың стилі, әу бастан бұл біздің стиль емес. Тойға Құранды қосып қою дегеніміз жақсы дүние емес. Бұл жерде “келеді әне екі жас, топты жарып жар-жар» деп бабалардан қалған жолдар айтылуы керек еді», — дейді ол.

Дінтанушы атағандай, шариғат бойынша да Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде құран оқып, мұндай қарсы алу болмаған.

«Мына жерде оқылған аяттар өте ауыр. Миғраждан алып келген аяттар. Сондықтан, ол да мүлдем сәйкес келмейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінде үйленіп жатқанда Құран оқылғаны болған. Алайда, той барысында Құран оқылды деген жоқ. Пайғамбардың (с.ғ.с.)  өзі той болғанда «сіз бізге, бізден сізге келді» деп дауылпаз тартып, көтеріңкі көңіл күй болуы керек деп айтылғанын “Отбасы” кітабында жазған болатынмын. Демек, Пайғамбар (с.ғ.с.)  да Құран оқу деген талап қоймаған, ән, жыр айту керек делінген. Сондықтан бүгінгі тойларда да ән-жыр айтылуы керек»,- дейді Паттев.

Дінтанушы атағандай, қазір қоғамда Ясин сүресін скрипкамен, оркестрмен орындап, «Тәубе» терапиясы деп әйелдерге сабақ өткізіп жүргендер бар. 

«Бұның барлығы “Әй” дейтін әженің жоқтығы. Құранды қойып вальс билемекші ме? Ол жерде үлкен кісілер де отыр. Өздері қазіргі заманғы, еуропаның стилі. Христиандардың стиліне  Құранды қойып былай жасау жастардың бетімен кеткенін көрсетеді. Бұл жастардың басым көпшілігі ислам дінін атасынан, әжесінен үйренбеді. Олар ата-әжесінің дінін қабылдамайды. Олар өз ұғымындағы қазіргі заманғы, бір жағы арабша, парсыша түсініктегі діни ұстанымды ұстанады. “Жүре берсең,көре бересің” деп бекер айтпаған. Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмаймыз», — дейді дінтанушы.

«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты «Трамп пен Ердоғанды сыйлағасын келісіп ем»: Зеленский де келіссөздерге қатыспайтынын айтты Бүгін өңірлерде 44 градусқа дейін аптап ыстық болады «Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ