"Телефонда көп уақыт өткізген": Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысы өзіне қол салды

01.05.2024, 10:52
13794
"Телефонда көп уақыт өткізген": Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысы өзіне қол салды Stan.kz

Қайғылы оқиға 24 сәуір күні Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында болды.

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Оқушының денесі сол күні кешкі уақытта сарайда асылып қалған күйде табылды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған дейін мектеп қызметкерлері әкесіне хабарласып, баласының сабақ оқымайтынына шағымданған. Көрші елде іссапарда жүрген әкесі балаға ұрысқан болуы мүмкін. 

Ақтөбе облыстық білім басқармасы жасөспірімнің анасымен арада сөзге келу жағдайы болғанын айтты. 

“Мектеп директорының аудандық білім бөліміне  жіберген хабарламасы бойынша, бала таңертең анасымен сөзге келіп, анасы оның телефонын алып қойған. Анасының айтуынша, кейінгі екі күн көп ұйықтайтын болған. Телефонда көп уақыт өткізген, ол туралы анасы ешкімге айтпаған”, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы. 

Өзіне-өзі қол жұмсаған жасөспірім толыққанды отбасында тәрбиеленген. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

“24 сәуір күні кешкілік уақытта Шәмші Қалдаяқов ауылында 2010 жылы туған 9-сынып оқушысының асылған түрде денесі табылды. Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 8-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда терезеден секіріп кеткен еді. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды