Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды

01.05.2024, 16:31
826
Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды aikyn.kz

Биыл өңір бойынша 4322 түлек мектеп қабырғасымен қоштасады.

Қауіпсіздік және емтихандарға сапалы дайындық мақсатында 9-11-сынып түлектеріне ақша жинауға, салтанатты іс-шараларға, банкеттерге және автокөліктермен қыдыруға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Aikyn.kz агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық білім беру басқармасы қалыптасқан жағдайды және ата-аналар қауымдастығы тарапынан түскен ұсыныстарды ескере отырып, 2024 жылғы 25 мамырда оқу жылының аяқталуымен барлық еліміздің мектептерінде бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданғанын мәлім етті.

– Биыл өңір бойынша 4322 түлек аяқтайды, – деді басқармада. –  Дәстүр бойынша бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылдың қорытындысын шығарады. Мектеп түлектеріне аттестаттар тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгілерімен марапаттау барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін 12-15 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ, бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты 24 мамыр, яғни сенбі күні өткізіледі. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылдың қорытындысын шығарады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады