Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді

02.05.2024, 11:37
690
Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Халық үні

Шымкент қаласының Ішкі істер департаменті мен Прокуратурасысы қыз алып қашуға қатысы бар адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті.

Оtyrar.kz-тің хабаралуынша, биыл Шымкентте қыз алып қашқысы келген азамат 4 жылға сотталды. Ал қалған жайттар сотқа жеткізілмеген. Құқық қорғау мамандары осы мәселеге байланысты отырыс өткізіп, 15 сәуірде қабылданған заң өзгерістеріне байланысты жазаның күшейгенін айтты. Отырыста құзырлы органдардың өкілдері қылмысқа қатысты мәлімет беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Мараттың айтуынша, былтыр қалыңдықтың келісімінсіз үйлену мақсатында қызды алып кеткен жағдай болғанмен олар сотқа жетпеген. Прокуратура қызметкерлері жәбірленуші тарап кешіріп, екі жақты келісімге келуіне байланысты іс қысқарып отырғанын жеткізді. Алайда жаңа заң аясында талап күшейіп отыр.

Алып қашу бойынша іс бұрыннан бері 125 бабпен қаралатын. Бұрында мұндай жағдай көп болатын. Бірақ қылмыстың аяқталуына байланысты сотқа бара бермейтін. Қазір заң аясы күшейді. Соған сай енді жаза да қатаңдайтын болады, – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұрын мамандар құқық бұзушылықты тіркеумен ғана шектелген болса, былтырдан бастап зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін оны анықтауға кірісті. Полицейлер содан бері қалада әйелдерге қатысты заң бұзушылықтың азайғанын айтты.

Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар 32.2 пайызға азайған болса, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресу мақсатында жасалған жұмыстар нәтижесінде қылмыстар 7-ден 4-ке түсті, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абраманов.

Сонымен бірге отырыста түзету енгізілген заң бойынша әйелдерді ұрып-соғу, денсаулығына қасақана зиян келтіретін жағдай үшін қандай жаза қолданылатыны туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда енді әйелдерге қауіп-қатер тигізген азамат 80 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостындығынан айырылуы мүмкін.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды