«Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды

Аиса Махамбет Редактор
02.05.2024, 18:28
1005
«Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды жеке мұрағатынан

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 8-сынып оқушысы өзінен бір сынып жоғары балалардың соққысынан көз жұмған. Марқұм баланың туыстары мектеп басшылығы істі жылы жабуға тырысқандарын айтып дабыл қақты. 14 жасар баланың ағасы Олжас Сейітқадір Stan.kz тілшісіне жағдайды айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 сәуірде Алтынсарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Мирас Мәлік мектеп дәретханасында көз жұмған.

Алғашында полиция мен мектеп қызметкерлері бала дәрет сындырып тұрған кезде өздігінен дәретханада құлады деген. Алайда жақындары баланың денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын, еш жерде тіркеуде тұрмағанын айтады. Сот-медициналық сараптамасы баланың соққыдан көз жұмғанын көрсетіпті. Десе де ішкі істер органының қызметкерлері іске салғырт қарап, тексеріс жүргізбеген. Осы себепті марқұмның туыстары ақиқатты өздері анықтамақ болыпты. 

Енді Мирас Мәліктің жақындары істің бүкпесіз, ашық болғанын қалайды. Өйткені қылмыстық істі бұрмалап жібере ме деп алаңдаулы. Сол үшін баланың ағасы президент әкімшілігінің басшысы Айдос Дәдебаевқа, бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Ержан Сәденовке өтінішхат жолдаған.

“Мектептегілер өздігінен құлап көз жұмды дегенге сенбедік. Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек болды. Осыдан соң сот-медициналық сараптамаға алып кетті де, денесін үйге әкелді. Кешкісін Мирастың құрдастарынан не болғанын сұрадық. Олар қатты ұрғаннан құлады деді. Сөйтсе Мирас 9-сынып оқушылары бір күн бұрын ұйымдастырған жиналысқа келмепті. Келесі күні дене шынықтыру сабағынан кейін бәрін әжетханада жинаған. Сол кезде Мирасты “жиналысқа келмедің” деп соққының астына алыпты”, – деді Олжас Сейітқадір.

Екінші күні олар тағы да сот-медициналық сараптамасын жасатқан. Екі сараптаманың да қорытындысы бойынша кеуде тұсынан ұрғандықтан, жүректен келетін күретамыр жарылып кеткен екен. Соған қарамастан полицейлер бұл дерекке мән бермеген.

“Бірінші сараптама нәтижесі шыққан кезде ішкі істер бөлімінен ешкім келмеді. Осыны айтқан кезде "өздігінен мерт болды, соққы жасалса, гематома қалушы еді ғой" деді. “Оқушылармен сауалнама жүргіздік, ешқандай әлімжеттік болмаған” деп жылы жапты", – дейді марқұмның ағасы.

Куәгерлер бар екені мәлім болғанда және туыстары екінші сараптама қорытындысын көрсеткенде ғана полицейлер қимылдай бастапты. Бірақ директор әлі де істі жасырып қалғысы келеді, дейді Олжас Сейітқадір. Сөзінше, мектеп әкімшілігі оқушылардан тіс жармауын өтінген.

“Тергеушілердің орнына өзіміз жүгірдік. Кімнің ұрғанын, оқиғаның қалай болғанын өзіміз анықтадық. Енді тергеу әділ жүріп, кінәлі жазасын алғанын қалаймыз. Мектеп директоры да аса ауыр қылмысты жасырып қалуға тырысқаны үшін өз жазасын алуы керек", – дейді ағасы.

Сөздерінше, мектепте әлімжеттік өршіген. Қайғылы жағдайдан кейін ауылдағыларға мұндай нәрсенің бар екені мәлім болған. Тіпті ата-аналар бірнеше рет директорға барып, жоғары сынып оқушыларының үстінен шағымданыпты. Алайда мектеп әкімшілігі бұған аса мән бермеген.

Жамбыл облыстық полиция департементі оқушының өлімі дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғалғанын мәлім еткен.

"Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғары сынып баласының соққысынан көз жұмғанын жазған едік. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды