3367

«Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео)

Видеоны журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Ол ең жақын дос өмірлік серігің екенін айтып, жұбайыңмен сыйластықта өмір сүрудің маңыздылығын түсіндірді. 

"Ең жақын дос - өмірлік серігің. Дастарқан басында үлкендердің әңгімесі тұнып тұрған философия ғой. Анамның әр әңгімесіне қайталаңызшы-қайталаңызшы деп осылай жазып алуға тырысамын. Мұның бәрі естелік, тарих. Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат-таусылмайтын әңгіме" , - деп жазды Ләйләнің өзі.

Ал видеода тележүргізушінің анасы ерлі-зайыптылардың арасындағы сыйластықтың маңыздылығын түсіндірген.

"Ерлі-зайыптылар, мүмкін болса бір-бірлеріңізден ештеңе жасырмай, жақсы әрі достық қарым-қатынаста өмір сүрсеңіздерші. Балалық дос дейді, орта буындық дос дейді, сыныптас дос дейді, жора-жолдастар деп жатамыз.

Кейіннен ерлі-зайыпты болып, үйленіп, отау құрғаннан кейін жолдастар болады. Ең жақын досы өз жары мен ері: сырларын бірге айтады, отырып бірге шешеді, қатты сөйлеп қалса, жары кешірімді болады", - деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы. 

Көпшілік журналистің ақ жаулықты анасына ұзақ ғұмыр тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор