Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді

03.05.2024, 18:34
671
Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді stan.kz

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін несиесі жалақының жартысынан асатын болса, онда оған жаңа несие берілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжілісмендер жалпы отырыста екінші оқылымда мақұлданған "Кейбір заңнамалық актілерге несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына осындай түзетулер енгізді.

"АMANАТ" фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, несие берушілер енді қарыз жүктемесінің коэффициентін (ДЛР) есептеп барып несие беру керек. Мысалы табысыңыз 200 мың теңге болса, несиенің ай сайынғы төлемі 100 мыңнан аспауы керек. Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді. 

Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар студент сияқты табыс көзі жоқ адамдарға несие беруді болдырмау үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме арқылы несиелеудің өсуін тоқтатуға бағытталған. Заң жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады