«Арық өлі шаяндарға толы»: Маңғыстау тұрғыны жаппай қырылған шаяндардың видеосын жариялады
Ақтауда тұрғыны 1-ЖЭО-дан жағажайға дейінгі жалғасқан арықта өлі шаяндардың жатқан видеосы көрсетті. Видео авторының айтуынша, өлі шаяндардың жатқанына бірнеше күн болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, автор кадрларды 2 мамырда түсіргенін айтты. Алайда 3 мамырда барып қараса жағдай еш өзгеріссіз арық өлі шаяндарға толып жатыр екен. Куәгер өлі шаяндарды біреудің арыққа әдейілеп лақтыруы мүмкін екенін болжады.
"Приморскийдің дәл ортасында орналасқан арық. Өлі шаяндарға толы. Білмеймін, олар арықта өлді ме әлде олардың өлекселерін осында тастады ма. Қаншалықты көп екенін қараңыз", - дейді автор видеода.
Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасының мамандары шаяндардың жаппай қырылуы туралы ақпаратқа түсінік берді.
"Қазіргі уақытта біздің қызметкер оқиға орнында жұмыс істеуде. Қорытындылар мен нәтижелерді кейінірек жасауға болады. Бұл су төгетін канал. 1-ЖЭО-дағы теңіз сорғысы бөгет ауданындағы турбиналарды және басқа да қажеттіліктерді салқындату үшін су алады. Содан кейін ластанбай тұрып бұл су осы канал арқылы Каспийге қайта ағызылуы тиіс", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасының мамандары.
Оқиға орнына Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары да барды. Олар судың сынамаларын алып, оны ластаушы заттарды тексереді.
Алдын ала болжам бойынша, өлген шаяндарды арнаға біреу лақтыруы мүмкін. Сонымен, Приморский тұрғындарының пікірінше, мұны балықшылар істеуі мүмкін. Себебі олар балық аулаған кезінде шаян да түсіп қалады.
Материал авторы