"Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды

07.05.2024, 14:36
3168
"Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды YK-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында қыста қосымша табыс табуға жұмысқа кетіп, кейін із-түссіз жоғалған 36 жастағы ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кеткен.

Азаматтың әпкесінің айтуынша, бұл учаскедегі орманға ағасы күзетші ретінде барған. Алайда, кейін ол жоғалып кеткен. Тек вагоннан оның заттары мен шашылған әйнек сынықтары табылған.

Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен жүз метр қашықтықта табылғанын хабарлады.

“Бірнеше күн бұрын түсіме Рамиль кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Өрмелеп тұрып биіктегі шыршаға шықтым. Оның денесі сол жерде жатты. Біз оның киімін таныдық алайда әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз”, – деді Рамильдің әпкесі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды