Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды

08.05.2024, 13:26
671
Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысында темір құбырды манипулятормен көтерген кезде электр тогы соғып, екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды.

 

Оқиға бүгін, 8 мамырда Шиелі кентінде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына сағат 9.05-те ақпарат келіп түскен.

«Сағат 8.20-да темір құбырды манипулятормен көтерген кезде (10 КВт жоғары вольтты сымға тиген) электр тогының соғуынан 2 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі Қазақстанның 2000, екіншісі Өзбекстанның 1993 жылғы азаматтары екені анықталды. Ал 1993 жылы туған бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясының өкілдері барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мамандары күнделікті өмірде және қоғамда электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ережелерді бұзу өте қауіпті және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады