780

Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Алматы қаласының өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды.

Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Halyq Uni

Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы жанды. Өрт сөндірушілер от шыққан үй-жайдан бір газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты. Бұл туралы Халық Үні хабарлады.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 шаршы метр алаңдағы жалынды жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі - отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.