"Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты

14.05.2024, 12:41
10429
"Сулы сүлгімен ұрған": енесінен қан-жоса боп "таяқ жегенін" айтқан қызылордалық келінге қатысты тәтесі сұмдық жайтты айтты KYN.KZ

Күйеуі болса, ауруханаға келем дегенге дейін бүкіл дәлелдерді өшіртуге көндіріп баққан екен.

Енесі мен қайын апаларының өлімші етіп сабағанын айтқан қызылордалық келіннің тәтесі сіңлісі жайлы адам шошырлық деректермен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Сіңлім жылай береді "неге бұлай болды" деп. Соңғысында 2 баласымен қосылмаймын деген кезде, өз мамасы мен дәу мамасы ақылын айтып, қосып жіберген. Ол кезде де ұрған. Бірақ ұрғанын дәлелдей алмадық. Сүлгімен ұрады екен. Із қалмасын деп. Сол кезде сіңлім айтатын "тәте бір оянсам столдың астында, қуыста жатам. Соққының тигенін білем, бірақ киіннен ауырады денем" дейтін. Терісі қара ғой, көгергені білінбейді. Сол үйге барғалы тапты ғой ауруды. Өзі зобпен ауыратын. Қазір сол зобы да қозды", - деген ол сіңлісінің қасында ауруханада анасы мен сіңлісі барын айтады. 

Күйеуі болса, ауруханаға келем дегенге дейін бүкіл дәлелдерді өшіртуге көндіріп баққан екен.

"Кеш болмай тұрғанда видеоларды өшір" депті күйеуі. "Оны мен емес, тәтелерім салып отырған" депті. Бірақ күйеуі ауруханаға барғанша өмірде айтпаған сөздерін айтыпты "жаным, күнім" деп "оқытып" қойыпты. Сол не айт десе сіңлім соны айтыпты", - дейді тәтесі. 

Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді. 

"Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп, жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді", - делінген жауапта. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды